Биылғы жылы «Алматы – Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр.Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингісінде белгілі болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Табиғи газды асыға күткен облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізді. Сөйтіп өңірді газдандыру 23% құрап отыр.
– Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден,өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден,тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, – деді Амандық Баталов.
Еске салсақ, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.