Кемелденудің кілті

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылғанмаңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтар мен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселеле көтеріліп отыр.

Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үрдісін – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, бір тұтас ұлт болу үшін болашаққа қарай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алыстан болжайтын көз қарастарымен бөліседі. Мен Елбасы мақаласында айтылған бастамаларды толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруықажеттілігін түсінемін.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірігейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді үйлесе отырып, береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болшаққа деген өзінің парасатты пікірлер мен көз қарасын білдіреді. Мемлекет басшысы бір сөзінде: «Екі дәуір түйіскен өлі аралықта Қазақстанға түбігейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің тендесізтарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша Қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыртуға деген ішкі ұмтылыс біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», – деп, ел келешегіне үміт артады.

Қазақ елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек. Себебі жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді. Ел жастарында осындай қасиеттер болса, кез-келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық. Әр елдің болашағы қашан да өсіп келе жатқан ұрпағына байланысты, сол себепті де Қазақстан бәсекеге лайықты, білікті жастарды дайындауға баса назар аударып келеді. Мәселен, тоқсаныншы жылдардың басында «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, бүгінге дейін мыңдаған жалын иелері әлемнің маңдайалды  оқу орындарында білім алды, тәжірибе жинақтады. Ел аумағында жоғары деңгейдегі университеттер ашылып, зияткерлік ммектептер қалыптасты. Десе де, мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Заман жаңарған сайын, білім беру саласын да жетілдіріп отыру қажет. Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарының болашағына емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан оған әрдайым ерекше басымдық берілетініні – түсінікті де. Қазір экономика, өнеркәсіп, өндіріс салалары көзіліспес жылдамдықпен алға жылжуда. Яғни, техналогиялық революция етек алуда. Енді бір он жылдан кейін қазіргі кәсіптердің кейбірі жойылып, жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Ал оларды игеріп кете алатын жастар қазақ елінде де болу керек. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміздің парасы – осында. Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі. Елбасының бағдарламалық мақаласындағы сананы жаңғырту, ұлттық болмысты жүзеге асыру мақсатында білім мен ғылымға, тәрбие саласына да үлкен мән беріліп отыр. Ендеше рухани жаңарту арқылы табысты ел болып жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік.

Г.СҮЙЕУБАЕВА,

аудандық кітапхананың директоры.

Мәліметпен бөлісу: