Алматы облысында 680 мыңға жуық тұрғын екпе алды

Жетісу жерінде вирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 1,1% – дан 0,9% – ға дейін төмендеді.
Деседе, бір күнде індет жұқтырушылар саны азаяр емес. Өңірде өткен тәулікте 359 адам коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Оның ішінде 304 жағдайы симптомды болса, 55-де ауру белгілері байқалмаған.
Қазіргі таңда, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2023,2 құрады.
Облыс көлемінде КВИ көп таралған аймақтарына Талдықорған,Текелі қаласы мен Талғар, Панфилов, Қарасай, Алакөл, Жамбыл аудандары жатады.

Айта кетейік, Алматы облысының 670 932 тұрғыны екпенің бірінші бөлігін алған. Вакцина салғызғандардың ішінде педагогтар- 39 437, медицина мамандары- 23 684, мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері – 21 361 көш бастап тұр. Ал, ІІ компонентті өңір халқының 546 479-ы қабылдады.
Естеріңізге саламыз, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 1 млн. 100 адам екпе алу қажет.

Мәліметпен бөлісу: