Алматы облысында 806 мыңнан астам адам иммундаудың толық курсынан өтті


Өткен тәулікте Алматы облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кесел жұқтырғаннның біреуі бала.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Алакөл-2, Ескелді-1, Іле-1, Қарасай-2, Кербұлақ-1, Талғар-4, Ұйғыр-1.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2693,4 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстыру кезінде -0,04% деңгейінде тұр.
Коронавирусты жеңудің жолы-екпе. Аймақта, індетке қарсы вакцинаның бірінші 873 718 адам (73%) алды, ал халықтың 67% – ы, яғни 806 162 адам иммундаудың толық курсынан өтті.
Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап Алматы облысында 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді “Комирнати” вакцинасымен вакцинациялау басталды. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 14 748 адам алды, оның ішінде 12090-ы 12 – ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 752-сі 16 – дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдер және 1906-ы лактация кезеңіндегі әйелдер.
Айта кетейік, 21 күн өткеннен кейін облыстың жүкті, бала емізетін әйелдері мен жасөспірімдері “Комирнати”вакцинасының екінші компонентін ала бастады.

Мәліметпен бөлісу: