Алматы облысында Ұлттық валютаның 25 жылдығына орай аймақтық конференция өтті

«Төл теңгеге 25 жыл» мерейтойы қарсаңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  «Қазақстанның ұлттық валютасының бәсекеге қабілеттілігі және ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ету»  тақырыбында конфереция өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы облыстықфилиалының қолдаумен ұйымдастырылып отырған шараға университеттің қаржы және эконмика факультетерінің білімгерлері, Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінің өкілдері және Нархоз университетінің оқытушылары қатысты.

Конфереция барысында, теңге тарихының өткенімен бүгіні айшықталып, Қазақстаныңболашақ эконмикалық өсуін қалыптастыратын жобалар талқыланды. Ұлттық валютаның бәсекеге қабілеттілігі жөнінде алғашқы сөз Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалыныңдиректоры Ернар Жұмабековке берілді.

« Теңгенің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында біздің банк бірнеше іс-шара өткізіп келеді. Бірақ бүгінгі жиын өзгеше, себебі осы конференцияға екінші дәрежелі банк төрағалары мен әр түрлі мекеме басшылары қатысып отыр. Және де бүгін бізЖМУ мен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғалы отырмыз. Осы келісім арқасында біз болашақ экономисттермен қоржыгерлерге жақсы мүмкіндіктер силаймыз деген үміттеміз», -деді ол.

Сондай-ақ, аймақтық конферецияда қаржы саласында 6 баяндама оқылып, қатысушылар есте қалатынадамдар және оқиғалар сериясындағы «Астана 20 жыл», Қазақстаның әдет-ғұрыптарымен ұлттық ойындары сериясындағы «Сүйінші» коллекциялық монеталары көрермен назарына ұсынылды.

-Біздің университетімізде өтіп жатқан бүгінгі көрме мен үшін өтте қызықты өтуде. Мұндай көрмелер күнде ұйымдастырала бермейді. Бұл жерде мен теңгенің шығу тарихын тереңінен танып біліп жатырмын, – дейді университет білімгері Олжаби Сабина.

Жиын соңында әр аймақтан шақырылған қонақтармен баяндамашыларға арнайы сыйлықтармен сертификаттар табысталды.

Мәліметпен бөлісу: