Алматы облысында «pro bono» заңгерлік көмегі көрсетіледі

Статистика мәліметтері бойынша Алматы облысында 400-ден аса адвокат жұмыс істейді, яғни 1 адвокатқа 4000 адам жүгінеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Қазіргі таңда нотариат және адвокатура институттарын дамыту және реформалау бағыттарында ҚР Әділет министрлігімен «адвокаттық қызмет және заң көмегі» туралы тұжырымдамасына толықтырулар мен өзгерістер еңгізілініп, халықтың назарына «Pro bono» жүйесі ұсынылды. Бұл жүйе қоғам игілігі үшін адвокаттар тарапынан халыққа тегін көрсетілетін кәсіби көмек.

«2008 жылы халықаралық заңгерлер қауымдастығының қағидаларында бекітілгендей «pro bono» негізінде заң көмегін көрсету – сыйақы төленбестен немесе сыйақы күтпестен халықтың әлеуметтік қорғалмаған, осал топтарына, сондай-ақ оларға қолдау көрсететін қоғамдастықтар мен ұйымдарға сапалы заң көмегін ұсыну болып табылады. Осылайша, «pro bono» – заңгерлік көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі сәтсіз болған жағдайда өтемақы механизмі болып табылады»,- деді Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Мейрамбек Махамбетәліұлы.

Айта кетейік, бұрын заңгерлік көмекті ақылы түрде көрсетсе, қазір «pro bono» жүйесі арқылы тегін алуға болады.

Мәліметпен бөлісу: