Алматы облысында «Шоқжұлдызізімен» аттытарихи-танымдық экспедиция құрылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тарихшы, ғалым, шығыс танушы Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен жерлерімен танысу мақсатында экспедиция мүшелері сапарға шықпақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алыңында белгілі болды.

Шара мақсаты қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы
Ш.Уәлиханов туралы тың деректемен танысу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, молмұраны  көзбен көріп, рухани сусындау болып табылады. Сайланған топ құрамында БАҚ өкілдері, тарихшылар, Жетісу географиялық қауымдастығының мүшелері мен блогерлер бар. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан бастау алатын сапар Аягөз қаласы, Ақсу ауданыныңҚапал ауылы және  Кербұлақ ауданына дейін жалғасады. Шығыстанушыны осы жерлермен қандай оқиға байланыстыратынын экспедиция ұйымдастырушысы Қанапиянов Рүстем айтып өтті.

«Ш.Уәлиханов қызметтік жолының алғашқы жылдары, яғни 1855 ж. Батыс Сібір генерал-губернаторыГасфортпен бірге СемейАягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін жүріп өткен. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алған. Міне, осы жолмен біздің экспедициялық топта сапарға шықпақшы», – дейді ол.

Алматы облысының әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырылғанэкпедиция 6-11қараша күндері аралығында жалғасады.

Айта кету керек, алдағы уақытта құрылған топ Қырғызстандағы Ыстықкөлге, Ресейдегі Омбы қаласына және Қашқарияға баруды жоспарлап отыр.

 

 

                                                          Меруерт Махмұтжан

Мәліметпен бөлісу: