Қауіпті дерт

Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактериялы жедел инфекциялық ауру.

Қоздырғышы – Neisseria, meningitidis (Neisseriaceae тұқымдасы, Neissera туысы). Менингококк – клетка ішінде тіршілік ететін, грамм теріс боялатын, капсула түзетін L-түріне айналатын, эндотоксин және нейромидаза өндіретін сыртқы ортада тұрақсыз диплококктар. Антигендік құрамы бойынша 12 серотобы белгілі: А, В, С, Д, V, Z т.б.-оның ішінде А,В,С типтері жиірек кездеседі.

Инфекция көзі әр түрлі клиникалық түрлерімен науқастанған адамдар, бактерия тасымалдаушылар. Жұғу жолы  ауа–тамшы. Ауыратындар көбінесе балалар (1–5 жастағы балалар 70 – 80%). Маусымдылығы қыс – көктем айлары (ақпан, мамыр). Кезеңділігі 20-30-40 жыл аралығында. Инфекция қабылдаушылық деңгейі – балалар ортасында бірталай жоғары, ересектер арасында орташа. Инкубациялық кезеңі 1-10 күн (орташа 2-4 тәулік).

Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:

1. Мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликворды т.б. бактериалогиялық тексеру жүргізіледі;

2. Серологиялық тексеру (РПГА) жүргізіледі.

Емі комплексті: тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты)

1. Этиотропты ем;

2. патогенетикалық, дезинтоксикациялық, дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша);

3. Симптоматикалық ем;

4. оксигенотерапия.

Этиотропты ем барлық науқастарға міндетті түрде жүргізіледі. Таңдаулы препараттары: Пенициллин (300-500 мг ЕД(кг/тәулік) 4-8 күн ішінде. Ампициллин (200/300 мг/кг тәулік) Левомицетин (50-100 мг/кг тәулік).

Роцефин (50 мг/кг тәулігіне бірақ 4 таблеткадан көп емес 10 күн ішінде) және басқа антибиотиктер монотерапия түрінде.

Профилактикасы: науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу. Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).

С.ХАЯБАР,

аудандық «ҰСО» бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының   зертханашысы.    

Мәліметпен бөлісу: