Баянды болашақты таңдаймыз!

Садиев Алмат Тезекбаевич

Өмірбаян

Мен Садиев Алмат Тезекбаевич 1978 жылы 01 қаңтарда Үшарал қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1995 жылы Қайнар ауылындағы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті инсттитутына түсіп, спорт және туризм академиясы, дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы біліктілігімен аяқтап шықтым.

1999 жылғы 03 қыркүйегінде Абай атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.

1999 жылғы 07 желтоқсаны мен 2000 жылғы 31 қазан аралығында Жаркент қаласындағы 2091 ә/б әскери борышымды өтедім. Және келген бойда Абай атындағы орта мектепте жұмысымды жалғастырдым.

2002 жылғы 01 қыркүйекте Талапкер орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып ауыстым.

2008 жылғы 01 қыркүйекте Жыланды орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстым.

2009 жылғы 01 қыркүйекте Үшарал қазақ гимназиясына алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып тағайындалып, 2013 жылдың тамызына дейін жұмыс атқардым.

2013 жылғы 07 тамызында Қайнар ауылының әкімі болып сайландым.

2014-2016 жылдар аралығында Жетісу мемлекеттік университетінде мемлекеттік және жергілікті  басқару мамандығын бітірдім.

2016 жылдың 17 мамырында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалдым.

2022 жылдың 01 сәуірінде Алакөл ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры қызметіне тағайындалдым.

Туған туыстарым және ата-анам бар: әкем Садиев Тезекбай Жанасылович 1942 жылы туылған, шешем садиева Рысхан Мерекеновна 1949 жылы туылған, ұлым Тезекбаев Ернұр Алматұлы 31.08.2003 жылы туылған, ұлым Тезекбай Мақсұт Алматұлы 17.11.2006 жылы туылған, қызым Тезекбай Айханым Алматқызы 30.09.2015 жылы туылған, ағам Садиев Салтанат Тезекбаевич 31.08.1968 жылы туылған, әпкем Садиева Сәуле Тезекбаевна 16.01.1971 жылы туылған, әпкем Садиева Айнагул Тезекбаевна 24.11.1975 жылы туылған, әйелім Серікқызы Нэйля 09.05.1976 жылы туылған.

Мен, менің әйелім және туыстарым қылмыстық жауапқа тартылған жоқ!

Сайлауалды бағдарлама

«Жаңа Қазақстанды» құру жолында елім деген әр азамат аянып қалмауы игі.  Осы жолда облыстық мәслихат депутаттығына үміткер бола отырып, сайлаушылардың сенімі мен дауысына ие болсам, алдағы уақытта төмендегідей жұмыстарды атқаруға барынша ықпал етемін.

  • Ауыз су мәселесін ретке келтіру үшін Бескөл, Үшқайың, Ақжар, Қаратұма, Жүнжүрек, Шымбұлақ ауылдарының су жүйесін жөндеуге атсалысу;
  • Өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 360 шақырым су каналын жөндеуден өткізіп, суармалы жер көлемін 6 мың гектарға ұлғайту;
  • Бұқараның басты мәселесі болған баспана тақырыбына жіті назар аударып, Үшарал қаласында көп қабатты үйлердің салынуына, сол арқылы халықты үймен қамтамасыз етуге ықпал ету;
  • Үшаралдағы жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізіп, қуаттылықты арттыру мақсатында қосымша қазандық орнату;\
  • Спорт саласын өркендетуді бір жолға қоя отырып,  Достық, Бескөл, Қабанбай, Лепсі ауылдарында дене шынықтыру және спорт комплекстерін, Көктұма ауылына спорт кешенін және Үшарал қаласына жүзу бассейінін салуға ықпал ету;
  • Тентек өзенінің бойына гидроэлектрстансаларының салынуына атсалысу;
  •  Туризм саласын дамыту үшін Ақши, Көктұма ауылдарының  кәріз жүйелерін жөндеу;
  •  Денсаулық сақтау саласына аса назар бөле отырып, Қайнар ауылында медпунк,  Теректі, Үшбұлақ ауылдарында амбулатория салуға ықпал ету.

Осы аталған жұмыстар мен өзге де ілкімді істерді жоспарлап, қалың қоғамның мүддесіне бағыттау менің басты мақсатым болып отыр.

Мәліметпен бөлісу: