Дағарыстан кейінгі даму даңғылы айқындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев мемлекетіміздің даму процесін жеделдету, елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендету  және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында дағдарыстан кейінгі дамуды көздеген кезекті Жолдауын жариялады.

Бәсекеге бейімділікті даралаған әлемдік аламанның алдына шығып, өркениетті елдердің көшін бастау қай мемлекеттің болмасын арман-тілегіне, бағыт-бағдарына айналғанын білеміз. Астындағы байлығын үстіндегі бақуатты тірлігінің тізгіні еткен Қазақстан да бәйге басынан көрінуге лайықты. Осы жолдағы қадамдарымыз қарымды боларына кәміл сенімдімін.

Кезеті Жолдаудың басым бағыттарын таразы басына тастасақ салмағы жағынан өзгелерден басым түсетіні «Денсаулық сақтау саласы» екендігі мәлім. Себебі мемлекеттің басты байлығы адам және оның денсаулығы екендігі атап көрсетпесе де түсінікті жайт.

Үздік денсаулық сақау ісі мен дені сау ұлт – мемлекеттің тірегі. Демек саламатты өмір салтын насихаттай отырып, медициналық қызметті жетілдіре түсу бізге ауадай қажетті.

Президент Жолдауында дәрігерлерге алғыс айтып: «Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталды. Елімізде жер жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттеріміздің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау орындарының  қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге  және осындай шақта бей-жай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын»,- ақ желеңді абзал жандардың еңбегін жоғары бағалады.

Бұдан, дәрігерлердің қызметінің өзектілігі мен маңыздылығын байқауға болады. Себебі пандемия кезінде алғы шепте жүріп, талай адамның өмірі үшін арпалысқа түскен медицина саласының қызметкерлерінің жанкештілігінің арқасында сәл болса да сырқаттың бетін қайтаруға мүмкіндік туды.

А.БУТАБАЕВ,

аудандық орталық аурухананың директоры.

Мәліметпен бөлісу: