Даму сатысының төртінші тұғыры


Қаңтардың оныншы жұлдызында Елбасымыз бәсекеге бәс тігіп, үшінші мәрте жаңғырудың дара даңғыла түскен Қазақстандық даму үлгісінің төртінші тұғырын тіктеді. Дағдарыс дауылына, заманауи үдерістерге лайықты төтеп беру мақсатында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы халыққа Жолдауын жариялады.

Әр қазақстандықтың, ең бірінші кезекте Ұлт көшбасшысының көкейіне ұялаған мақсат-міндеттің алғашқысы озық отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алу екендігі ақиқат. Ол үшін түрлі бағытта ілкімді істер атқарылып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. 2017 жылдың резонансына айналған рухани реформаның өзі жұрт тірліге тарихи төңкеріс әкеліп, ілгері қарац жылжуымызға түрткі болғаны жасырын емес. Енді міне, он басым бағыты арқылы өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін тайға таңба басқандай айқындап берді.

Өткен күндердің өткелдеріне зер салсақ, уақыт сүзгісінде тозығы мен озығы сараланған қазіргі заманның сұранысы өзгерді, сыны мен сыры артты. Бәсекеге бейімділікті даралаған әлемдік аламанның алдына шығып, өркениетті елдердің көшін бастау қай мемлекеттің болмасын арман-тілегіне, бағыт-бағдарына айналғанын білеміз. Астындағы байлығын үстіндегі бақуатты тірлігінің тізгіні еткен Қазақстан да бәйге басынан көрінуге лайықты. Осы жолдағы төртінші қадамымыз қарымды боларына кәміл сенімдімін.

Он бөлімге жіліктелген Жолдаудың жетінші бағытын таразы басына тастасақ салмағы жағынан өзгелерден басым түсетіні айқын. «Адами капитал – жаңғыру негізі» деген атауды алған бөлім өзектілігі жағынан алдыңғы қатарға жайғасары хақ. Себебі, мемлекеттің басты байлығы адам және оның денсаулығы екендігі атап көрсетпесе де түсінікті жайт.

Білім, әлеуметтік көмек, мәдениет, медицина салаларын жетілдіру және бір жүйеге келтіру тақырыптары талқыға түскен бұл бағыт қарапайым халықтың мүддесіне қарай жоспарланғаны көрініп-ақ тұр. Осылардың ішінде қазақ елі бірінші байлыққа балаған денсаулық мәселесінің маңыздылығы жоғары. Үздік денсаулық сақау ісі мен дені сау ұлт – мемлекеттің тірегі. Демек, саламатты өмір салтын насихаттай отырып, медициналық қызметті жетілдіре түсу бізге ауадай қажетті. Жолдауда айтылғандай тиімділігі төмен және шығыны көп диспансерлік ем қабылдаудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, осы саланы амбулаториялық сауықтыру арқылы басқаруға көшкен абзал. Тартынатын ештеңе жоқ, бұл үлгі әлемнің озық елдерінің басым бөлігінде тиімді әрі ұтымды қолданылуда. Халықаралық озық тәжірибелер негізінде кез-келген сырқатты ерте диагностикалау мен қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілмек. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, онкологиялық сырқаттармен күресу үшін кешенді жоспарлар қабылданып, кардиология, босандыру және өкпе ауруларының алдын алу, емдеу шараларының қарқыны артпақ. Денсаулық сақтау саласының сапасын еселеп, қызмет түрлерінің қолжетімділігін ұлғайту мақсатында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де жұмысы кезең-кезеңімен өд арнасына түспек. Айта кетерлік мәселенің бірі ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық паспортын енгізу арқылы «қағаз қоданбайтын аурухана» түсінігің енгізілуі. Жаңа технологиялардың өктемдігі артқан заманда бұл қадамнан ұпайымыздың ұтымды түгенделері хақ.

Соңғы жылдардарды сараласақ еліміздің тастүйін ымырашылдығы мен Елбасының сарабдал саясатының арқасында көптеген жетістіктерге жеттік. Жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің жоғары екендігін көрсеттік. Талпынысымызға қарай табысымыз да еселенуде. Биылғы Жолдау да осы беталысымыздан жаңылдырмай, Қазақстанды дүниежүзіне жаңаша танымал ететіндіген күмәнім жоқ.

А.БУТАБАЕВ,

аудандық орталық аурухананың директоры.

Мәліметпен бөлісу: