Дін екпеге қарсы емес

Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жолға шыққан «Рухани керуен» жобасы арнайы сапармен ауданымызға ат басын бұрып, аудандық орталық ауруханада «Денсаулық – болашақ кепілі!» атты кездесу өткізді.

Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін ілгерлету, рухани құндылықтарды жаңғырту, деструктивті діни ағымдармен күресу, жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткен шараға аталмыш мекеменің дәрігерлері мен медбикелері, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Кездесуге аудандық орталық аурухананың директоры А.Бутабаев төрағалық етті.
Алғашқы болып сөз алған облыстық дін саласындағы мәселелерді зерттеу инспекторы, тиолог маман Қ.Егізбаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының терапевті Г.Қауранбаева екпе мен қан құю дінге қайшы келмейтіндігі жайында баяндама оқыса, аудандық орталық аурухананың медбикесі С.Нүсіпова вакцинаның маңыздылығы жайында әңгіме өрбітті.

Облыстан арнайы келген қонақтар діни себептермен екпеден бас тартқан азаматтардың үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

А.ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу: