Экология және табиғат

Бүгінгі «Үйгентас орман шаруашылығы» КММ  алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау басты міндеттерінің негізі болып саналады.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтіп, ой өрістерін жетілдіре отыру қажет. Сол кезден бастап біз табиғатымызды  аялап, сақтай аламыз.

Экологиялық ағарту осыны қанағаттандыра алады, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы — мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.

Қазіргі таңда мектептердің басым көпшілігі бүгінгі күні осы бағытта балаларға үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім беру ісін өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастыруда немесе кейбір мектептерде жекелеген пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беріп оқушыларды экологиялық мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда.

Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы десек те болады.

«Үйгентас орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде  «Экологиялық білім мен тәрбие беру»  бағыттары қарастырылған. Бұл бағыттар мектептегі тәрбие жұмысына еніп, оқушылар арасында дәрістер, сұхбаттар өткізуде. Орман шаруашылығының орман күтушілері, мамандары ауыл көшелерінің тазалығын сақтауға, өлкелерді көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт.

Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Ж.СТАМГАЗИЕВ,

Үйгентас орман шаруашылығының

 Көкжар орманшылығының

орман шебері.

Мәліметпен бөлісу: