Халыққа қызмет көрсету-ортақ міндет

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Алакөл  ауданыныңбөлімі биылғы жыл қорытындысы бойынша 173267 мың қызмет көрсетіп, оның 116955 мыңын электронды түрде ұсынды.

Ай сайын қызметкерлеріміз цифрлық сауаттылыққа жергілікті халықты, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерін көптеген қызмет түрлерін үйден немесе жұмыстан шықпай-ақ egov.kz порталы арқылы алуға болатынын үйретіп жүр.2017 жыл мен салыстырғанда биылғы жылда 20пайызға мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілді. Яғни жылдан – жылға жергілікті жұрттың компьютерлік сауаттылығы артып келеді.халыққа қызмет көрсету бойынша Алакөл ауданының бөлімі жергілікті әкімдіктер мен мемлекеттік мекемелермен бірлесе ашық есік күндерін өткізді.Халыққа қызмет көрсету – ортақ міндет болғандықтан, қызметкерлеріміз аянып қалған жоқ.Еліміз цифрлы даму бағытында көптеген іс шаралар жасап жатыр. Оған Азаматтарға арналған үкіметтің үлесі зор. Қызмет түрлері дәстүрлі түрден онлайн форматқа ауысып жатыр. Соның бәрін біз халыққа арнайы мастер кластар ұйымдастырып айтып көрсетіп үйретіп жастырмыз.

 

 

 

Мәліметпен бөлісу: