Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары

Қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев «Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс» екендігін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын несиелердің көлемін ұлғайтып, халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерін 6 проценттен асырмауды тапсырды.

Шағын бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына жаңа инструмент қосылып, тығырықтан шығар жол табылды. 5,0 млн. теңгеге дейін екі жылға кепілдіксіз несиеге ие болу үшін небәрі жарты сағат уақыт кетеді. Ол үшін жеке куәлік пен кәсіпкерлік құжаттың болуы жеткілікті.

Шағын оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері айналым қаражатын толықтыру үшін 5 млн. теңгеге дейін 6 проценнттік несиені ещқандай кепілдіксіз алуға мүмкіндігі бар. Бұл қаржы инструменті аз уақыт ішінде бизнес үшін пәрменді қолдауға айналды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкерлерге құлаққағыс жасағым келді. Кәсіпкерлерге бизнес үшін жасалынып жатқан қолдаулардың ауқымы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кәсіпкерлерді қолдау саясатының айқын дәлелі. Мемлекеттік қолдау шараларын барша жерлестерімізге жеткізу, әрбір кәсіпкерді қолдаудан тыс қалдырмау – басты міндет.

Алматы облысы бойынша несиелер «Халық Банкі», «Банк Центр Кредит», «Сбербанк» арқылы ұсынылуда. Айта кетерлігі, мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкерлер үшін қолжетімдігін  арттыру , өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту әкімдік жұмысының басты бағытының бірі болып табылады.

Есепті жылда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары арқылы 40 жоба 1549,2 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Оның ішінде 8 жоба субсидиялау бағыты бойынша 1342 млн. тенгеге 6 проценттік несиемен, микрокәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағыты бойынша 9 жоба 6 проценттік несиемен 42,59 млн.тенге, кепілдік беру бағыты бойынша 17 жоба 152,7 млн.  тенгеге және қайтарымсыз мемлекеттік грант бойынша 6 жоба 12,0 млн. тенгеге жеңілдетілген түрде  қамтамасыз етілді.  Эпидемиялық ахуалға қарамастан ауданымыздың кәсіпкерлері белсенділік танытып, несиелердің көлемі 125%-ке  артты. Аудан аумағында 3470 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Пандемияға қарамастан 2021 жылдың осы уақытына 23,7 млрд. астам теңгенің өнімін өндірген. Шағын және орта кәсіпкерлер 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Д.ЖУАНДЫҚОВ,

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.                                                      

Мәліметпен бөлісу: