Кезекті отырыс өтті



Бүгін “AMANAT” партиясының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде:
1.Партитялық бақылау комииссиясының 2023 жылы атқарған жұмысының есебі;
2.Партиялық бақылау комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мен комиссия мүшелерінің құрамын бекіту
туралы.
Партиялық бақылау – партияның ішкі тәртібін күшейту кепілі. Партиялық бақылау комиссиясының мақсаты партия Жарғысы және партияның бағдарламалық құжаттары мен оның Төрағасының тапсырмаларын, партия органдарының шешімдерін партия ұйымдары мен партия мүшелерінің орындалуына бақылау жасау болып табылады.
Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы «AMANAT» партиясы Орталық аппараты партиялық бақылау Департаментінің 2023 жылғы 5-ші қаңтардағы нұсқаулығын басшылыққа ала отырып жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес қазіргі таңда партиялық бақылау комиссиясының отырысы жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.
Партиялық бақылау комиссиясында 7 мүшесі бар, бүгінгі күнге 6 отырыс өткізіліп, 13 ұсыныс берілді оның 9 -ы оң шешімін тапты. Отырыстарда Алакөл аудан әкімінің орынбасары Қанағатов Дәурен Орынбайұлы, 4 бастауыш партия ұйымының төрағалары, 6 бөлім басшыларының есебі тыңдалды.
Өткізілген отырыстарда «AMANAT» партиясының жарғысымен этика кодексінің қатаң сақталуы, ішкі партиялық тәртіпті күшейтуімен, партия мүшелерінің партиялық жарнаның төлемдерінің уақтылы төлеуі жайлы мәселелер қозғалды. Бастауыш партия ұйымының төрағалары партия қатарын толықтыру және оның сапалық құрамын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарына есеп берді.
Партиялық бақылау комиссиясы Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша үнемі жоспарға сәйкес мониторинг пен рейд жұмыстарын жүргізеді. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Алакөл ауданының жол картасының 2023 жылдың 11 айында орындалуы туралы қысқаша айта өтетін болсақ Жол картасы бойынша 2023-2027 жылдарға жоспарланған іс-шаралардың биылғы жылы орындалуы тиіс 41 іс-шараның 22-сі (57.7 %) орындалды, 19-ы (42.3 %) орындалу үстінде.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында аудандағы құрылыс нысандарына партиялық бақылау бекеттері қойылып, төрағалығына аудандық мәслихат депутаттары бекітілген, атап айтқанда;

  1. Үшарал қаласындағы 60 пәтерлі бес қабатты екі үйдің құрылысы;
  2. Ақжар ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы;
  3. Бескөл және Лепсі ауылдық округтеріндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы;
  4. Қамысқала ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы нысандарына бақылау бекеттері қойылып, ондағы құрылыс жұмыстарының сапалы мерзімінде атқарылуына және оларға бөлінген қаражаттың мақсатты, нысаналы жұмсалуына мерзімді бақылау, қадағалау жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп отырғандығы туралы сөз қозғалды.

Мәліметпен бөлісу: