Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі

Ағымдағы жылдың 22 тамызында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 10,25%-ға дейін төмендетті, осыған дейін мөлшерлеме 10,5% құраған. Бұл дегеніміз инфляция қарқынының баяулауы. Сонымен бірге ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де осы деңгейге дейін төмендейді. Осы туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі жылдық инфляция қарқынының баяулауын, инфляциялық күтулердің тұрақты деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар орта мерзімді кезеңдегі инфляцияны одан әрі төмендету бойынша бағаны анықтайды. Сондай-ақ сыртқы жағдайлардың белгісіздігі мен құбылмалылығының өсуі ағымдағы жылы базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеу ықтималдылығын азайтады.

«Ұлттық банктің соңғы ақпараттарына сүйенетін болсақ, теңгедегі салымдар өсіп отыр. Пайыздық көрсеткішпен айтсақ теңге 52% құраса, ал шет ел валютасындағы салымдар 48% болып отыр. Халықтың осылай теңгеге сенім артуы жақсы нәтиже. Бұл халықтың қаржылай сауаттылығының артуы және теңгелей салымның тиімділігі жоғары болып тұрғанын аңғартады», – деді ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиал директоры Ернар Жумабеков.

Алматы облысының өңірлік коммуникациядар қызметі.

Мәліметпен бөлісу: