Мерейлі отбасы – 2023

Ауданымызда ырысы мен ынтымағы жарасып, ауызбіршілігімен көпшілікке үлгі болған жанұяларды дәріптеу мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» сайысы өтеді. Жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып келе жатқан байқау биыл да жалғасын тапты.

Отбасы құндылығы – әрбір мемлекет саясатының темірқазығы, ардақ тұтар қазынасы. Әрбір жанұяның босағасының берік болуы – еліміздің іргетасының мығым әрі кемелдігінің кепілі.

«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің қорытындысына сәйкес 6 әулет жүлдегер атанды. Айта кетсек, 6 отбасының ішінен іріктеліп, жүлделі І – орынды – Әлекеевтер әулеті, ІІ орынды – ?, ІІІ орынды – ? иеленді. Барлық қатысушыларымызға аудан әкімінің Алғыс хаты берілді. Ал жеңімпаздарымызға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ақтүбек ауылдық округінен Әлекеевтар отбасы және Жайпақ ауылдық округінен Қайрановтар отбасы облыстық сайысқа жолдама алды. Оның ішінде Қайрановтар әулеті іріктелуден өтіп, жүлделі болды. Енді кезекте республикалық сайыста облыс мерейін асырады деген сенімдеміз.

Ж.КУМПЕИСОВА.

Мәліметпен бөлісу: