Партия активі өтті.

Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толғаны баршаға аян. Осыған орай ағымдағы жылдың 27 ақпанында Елордамызда Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Онда өткен уақыт аралығында атқарылған жұмыстар сараланып, 2030 жылға дайінгі аралықты қамтитын «Бақуатты қоғам: 10 жылдыққа 10 мақсат» атты бағдарлама қабылданып, партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жақында съезд шешімдерінен туындайтын міндеттерді талқылауға арналған Нұр Отан партиясы аудандық филиалдың партия активі өтті. Оған облыстық және аудандық саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бөлім, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары, аудандық партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі А. Абдинов «Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы» баяндама жасады.

Баяндаманы талқылауға «Достық» бастауыш партия ұйымының төрағасы, округ әкімі Қ. Қайранбеков, аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы XVIII съезд делегаты Е. Жуанышбаев, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, Талапкер орта мектебінің мұғалімі А. Ардақов қатысты.

Активке қатысушылар алға қойылған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарына сендірді.

Мәліметпен бөлісу: