Рухы мықты елдің тәжі басында, бағы қасында

Әрбір мемлекеттің экономикалық әл – ауқатынан гөрі рухани күші қашанда басты құндылық болып саналады. Бүгінгі күні ата-бабаларымыздың бойындағы ұлттық сана мен рухтың төмендегені жасырын емес. Осыны уақтылы байқаған Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Тегі мықты қазақ елінің көптен күткен асқақ армандарының бірі де бірегейі осы болатын.
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Рухани керуен» жобасы аясында арнайы жоспар құрып, өз жұмыстарын атқаруда.
Биыл Астанадан арнайы келген режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың А.Ихсанның теріс діни ағымдар жайлы «Хақ жолы» атты әлеуметтік драмасы көрермен назарына ұсынылды.
Театр ұжымы діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың қо-ғамға, соның ішінде жастарға деген әсерін азайту мақсатында 17 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталмыш драмамен аудандар мен қалаларда гастрольдік іс-сапар-ларда болып, ел көңілінен шығып қайтты.
Осы мақсатта облысымыздағы басты өнер ұжымдары Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі шалғай жатқан елді мекендерге, сондай-ақ облыс аумағындағы қарттар мен жетім балалар үйлеріне де тегін концерттер берді.
Жұмыс жоспарына сәйкес С.Сей-фуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы аудан, қалалардың шалғай ауылдарына шығып, «Рухани керуен» жобасы аясында «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы» атты кітап көрме-сін, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Тарихы терең қазыналы өлке» буктрейлер, «Сирек кез-десетін кітаптар» слайд-шоу, діни терроризм және эстремизмнің алдын алу үшін «Діни экстремизм – ғасыр індеті» ақпарат сағатын, халықтар достығын нығайтуға «Қазақстан халықтарының байлығы-бірлікте» мерзімді басылымдар мақалаларынан библиографиялық дайджест, «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша С.Торайғыровтың шығармаларына танымдық сағаттар өткізді.
Сонымен қатар, халық тығыз орналасқан елді мекендерде аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлерінің қатысуымен бірқатар мәдени шаралар, тарихи, діни құндылықтарды насихаттау мақсатында Ақсу аудандық мәдениет үйінде «Әже – отбасындағы алтын қазық» атты әжелер байқауы, Егінсу ауылдық мәдениет үйінде «Қазақтың шешендік өнері» атты тарихи кеш, Алакөл ауданы, Тоқжайлау ауылдық мәдениет үйінде «Әже өсиеті» тақырыбындағы әңгіме сағаттары келер ұрпаққа үлкен жігер берді. Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылдық мәдениет үйінде «Асыл сөзді абыз қариялар» атты әдеби – сазды кеш, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылдық мәдениет үйінде «Батамен ел көгерер» тақырыбында әңгіме сағаты, Көксу аудандық мәдениет үйінде «Әжелер ақылы» тақырыбында қыз-келіншектермен пікір алмасу, Жетіжал ауылдық мәдениет үйінде «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел, Панфилов ауданы, Тұрпан ауылдық мәдениет үйінде «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты әжелер сайысы, Райымбек ауданы, Ақтасты ауылдық мәдениет үйінде «Халқымның дәстүрлері-ай» байқауы, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық мәдениет үйінде «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің жиынтығы» тақырыбында әңгіме сағаты жүргізілді.
Келер ұрпақтың мәңгілік есінде қалдырып, бабалар бойындағы батылдық пен батырлықты арттыру мақсатында «Дарабоз батыр Қабанбай» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара Қаракерей Қабанбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Тағылымдық мәні бар жиынға облыс ақсақалдары, зиялы қауым, ақын-жазушылар мен қала және жақын аудандардың тұрғындары қатысты. Конференцияда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов, Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылым-дарының кандидаты Ахмет Тоқтыбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылым-дарының докторы, профессор Кәкен Хамзин, М.Әуезов атындағы әдебиет институтының бөлім меңгеруішісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, Қаракерей Қабанбай батыр қоғамдық қорының төрағасы, кесене шырақшысы Камал Әбдрахман сөз сөйлейді. Жиылған қауымға «Дарабоз» қоғамдық қорының басшылығымен «Заңғар» мейрамханасында ас берілді. Шара тағылымды істерге толы болып, Алматы, Астана қалалары-нан журналистер қатысты.
«Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған. Облыс әкімінің қолдауымен жыл сайын жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын шығару дәстүрге айналған. Биылғы жарты жылдықтың өзінде 39 автордың кітаптары жарық көріп отыр. Бұл шараның салтанатты ашылуы облыс әкімінің қатысуымен мамырдың 23-інде өтті. Жергілікті ақын-жазушылар рухани керуен сапарымен өздерінің туған аудан, қалаларында кітаптарының тұсаукесерлерін ұйымдастыратын болады.
Алдағы уақытта рухани керуен көші Шығыс Қазақстан облысы мен Өзбекстан еліне жоспарланып отыр. Еларалық қарым-қатынасты арттырып, ұлттық өнерімізді паш ету жолындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғаса беретін болады.
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Мәліметпен бөлісу: