Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 24. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Сөз емес, іске көшсек…

Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші, елдің ертеңі, баянды болашақ қалыптастырушылар. Оларға артылғанүміт үлкен. Жас буынға үкімет тарапынан қолдау да аз емес. Елбасы бастамасымен биылғы жылды «Жастар жылы» атауының өзінде кемел келешекке бастаушыларға деген зор сенім көрініс табады.

Жастар жылында ауданымызда қандай істер атқарылып жатыр? Он шақты оқушыны жинап кездесу, мәжбүрлі түрде қатысушылары бар форумдар өткізуден басқа ауыз толтырып айтар жүйелі жоспарымыз бар ма? Осы және өзге сұрақтардың жауабын білу үшін аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Е.Омархановпен жолықтық.

Аудан бойынша 14-29 жас аралығында 15567 тұрғын  болса, 18-29 жас аралығындағы белсенді жастар 9189 азаматты құрайды. Жастар ресурстық орталығы осы жастардың мәдени өмірлерін дұрыс өткізуді, спорттық шаралар ұйымдастыру, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу секілді істермен айналысады. Сондай-ақ жастар жылына негізінен жүзеге асырып жатқан жұмыстары туралы мәлімдеді.

Біріншіден, егін шаруашылығын дамыту мақсатында Алакөл гуманитарлық техникалық колледжі жерінен жастарғамайбұршақ салу үшін 10 га жер берілді.Орталық қызметкерлері мен белсенді жастар дақылды егіп,  баптап, қарап жатқандарын айтты. Одан түскен қаржыны техникалық базаны күшейтуге жұмсамақ.

Екіншіден, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу мәселесі күні бүгінге өзекті. Аудан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны  70 адамды құрайды. Осы ретте Е.Омарханов:«Олардың жұмыссыз атануларына басты себеп – жастардың қарапайым қызметке орналасқысы келмеуі»,– дейді. Себебі бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу барысында келуші жастар өте аз екендігін атап өтті. Ал уақытша жұмыспен қамту бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына биылғы жылдың өзінде 200 жас жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Еріктілер өз істерін маусым айынан бастады.

Үшіншіден, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жастардың ауыл-аймаққа қоныстануына жағдай тудыру.2019 жылы өңірдегі 20 маманға 3 млн 530 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген. Соған қарамастан қазіргі жастарға қала өмірі қызық, мемлекет берген көмекті пайдаланып, кейіннен қалаға көшуге асығып тұрады. Ол үшін алдымен ауыл тіршілігін жақсарту, жастарды қызықтыру үшін әлі бірнеше жоба ұсынған дұрыс деп ойлаймын.

Төртіншіден, Елбасы атап көрсеткендей өнерлі жастарды қолдау басты міндет болып саналады. Орталық облыстық «Дарын» сыйлығына ауданнан шыққан білімді, өнерлі жастарды ұсынуда. Оларға материалдық көмек те көрсетіледі деп уәде берді.

«Жастарға пәтер беруге келер болсақ, кезекте тұрған қаншама азамат бар, олар өз тарапынан баспана алатын күнді асыға күтуде. Біз оларды жылжытып, бар пәтерді жастарға ғана бере алмаймыз. Егер жастарға арналып бөлек баспана салатын болса оған біздің тізіміміз дайын»,– деп сендірді.

Осы жылдағы жастар үшін жағымды жаңалық – жастарға қызмет көрсету орталығының бой көтеруі болмақ. Оның ішінде фото-видео студиясы, тіл дамыту курстары ашылады деп жоспарлануда. Көп созылмай құрылысын бастап, жастар жылында салынған ғимарат қана емес, жас ұрпақ үшін пайдасын тигізетін, қарқынды жұмыс істейтін орталық болады деген үмітіміз бар.

«Атамекен»кәсіпкерлік орталығы жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз 500 мың теңге табыстамақ. Бірақ оған қатысушылар өте аз екенін айтады. Себебі қаражатты алу үшін кәсіпкерлік мектебіне қатысуыңыз керек, бизнес жоба дайындап, берілетін ақшаны оңтайлы пайдалатыныңызды дәлелдеуіңіз қажет. «Жастар – жалқау, ол біздің менталитетімізде бар. Баламызды кішкентайынан бастық болуға үйретеміз. Сосын олар ер жеткенде қарапайым жұмысты жасағысы келмейді»,- дейді орталық жетекшісі.

Егер жастар жалқау болса мемлекет тарапынан осыншалықты қолдау көрсетілмес еді. Жаһандану процесі жүзеге асып жатқан кезеңде бәрін менталитетке жаба беру де әбестік. Ат үстінде отырған заман әлдеқашан өтті, діліміздегі кейбір дүниелер өзгеріс тапты. Аудан жастарының белсенділігін арттыруда жастар ресурстық орталығының талай тың жобалар орындайтынына сеніміміз мол.

А.ЖЕЛДІБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің 2 курс студенті.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov