Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітті

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітті

Төтенше жағдай және карантин кезеңінде қаржылық жағдайы нашарлаған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, экономиканы қалпына келтіру жөніндегі жоспарларды іске асыру мақсатында Агенттік шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК)  субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітті.

ШОК  субъектілеріне қолдау шараларын көрсету тәртібі екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларға (бұдан әрі – кредиттік ұйымдар) қолданылады.

Кредиттік ұйым жеке тәртіппен ШОК  субъектісінің қаржылық жағдайын, төтенше жағдайдың және карантиннің кәсіпкерлік қызметке әсерін және ШОК субъектісінің қаржылық жағдайының қалпына келу перспективаларын бағалайды.

ШОК субъектілерінің қаржылық жағдайы нашарлауының объективті себептері болған кезде  кредиттік ұйымдар кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде банктік қарызды және микрокредитті жеңілдік берілген талаптармен қайта қаржыландыру және (немесе) көрсетілген шарттар бойынша төлемдерді ШОК субъектілерінің қаржылық жағдайын және төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жеткілікті кезеңге кейінге қалдыру түрінде қолдау шараларын ұсынады.

Кредиттік ұйым қолдауды ШОК субъектісінің өтініші және 2020 жылғы 16 маусым – 15 қыркүйек аралығында кредиттік ұйымға берілген ШОК субъектісінің қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар негізінде көрсетеді.

 Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефондарына хабарласыңыз:

 +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 – 17.00 аралығында,

сенбі – сағат 9.00 – 15.00 аралығында, жексенбі– демалыс)

e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz

 www.finreg.kz

Мәліметпен бөлісу: