«SUNRISE AWARDS 2021» Жас журналистерге арналған премияның ережесі

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ,  «Jetisy Media» КММ,   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай БАҚ өкілдері арасында «SUNRISE AWARDS -2021»  байқауын жариялайды.

Байқауға – газет және телеарна тілшілері, баспасөз-хатшысы,операторлар,                             2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 қараша аралығына дейін дайындаған жұмыстарын ұсына алады.

Байқау мақсаты – Баспа және интернет-журналистика саласындағы «SUNRISE AWARDS -2021» ұлттық сыйлығын (бұдан әрі– Сыйлық) ұйымдастыру және өткізу. Баспа, интернет-журналистика саласындағы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына кеңінен қоғамның назарын аудару болып табылады.

Жұмыс төмендегі бағыт бойынша қабылданады:

  1. «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру»
  2. «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму»
  3. «Сапалы білім беру»
  4. «Өңірлік саясатты жетілдіру»
  5. «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру»
  6. «Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау»

  Қатысушылар конкурсқа әр бағыт бойынша  1 жұмыс қана ұсына алады.

Үздік деп танылған жұмыстар төмендегі номинация бойынша марапатталады:

  1. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  2. Жылдың үздік танымдық материалы
  3. Жылдың үздік газет тілшісі
  4. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал
  5. Жылдың үздік фотосуреті
  6. Жылдың үздік репортажы

Қатысушылардың өтініштерін қабылдау тәртібі:

Конкурс  жұмыстары 5-25 қазан аралығында  қабылданады. Байқауға 16 мен 29 аралығындағы журналистер, сондай-ақ блогерлер, Алматы облысының баспасөз хатшылары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін байқау ережесімен танысып, қатысуға өтінім толтыру қажет.

 Жүлде иесін  анықтау және марапаттау!

Ұйымдастыру комитеті барлық өтінімдердің өлшемшарттың сәйкестігіне қарайды және өткен өтінімдерді сараптамалық баға беру үшін қазылар алқасының мүшелеріне қарастыруға береді. Қатысушылардың жұмысын әділқазылар бағалайды.

Жеңімпаздар әртүрлі  номинация бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Гран-при жеңімпазы арнайы жүлдеге ие болады.

     Жұмыстар мына мекен –жай бойынша қабылданады: Балапанова 28, Журналистер үйі, 5 қабат 5001 кабинет немесе bakosya_jan95@mail.ru эл.почтасына жіберулеріңізге болады.

      +77471825405 Балжан

                                          ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Номинация  
Автордың аты-жөні  
Жұмыстың тақырыбы  
Мекеменің атауы / жұмыс орны /  
Мекен-жайы  
Жасы  
Байланыс телефоны  
Электрон адресі  

Мәліметпен бөлісу: