Төтенше жағдайларға дайындық тексерілді

Апат айтып келмесі анық. Себебі толған байлығын ұсынып, жомарттық танытатын табиғат кейде сілкініп-жұлқынып, мінезін көрсететіні де бар. Ал тосыннан төнген төтенше жағдайларға әзірлік адам өмірін сақтап қалуға және құтқару жұмыстарын дер кезінде жүргізуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Осы ретте ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқаулығына сәйкес «Көктем – 2019» оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды.

Іс барысында құтқару жұмыстарына тікелей қатысы бар бөлім мекемелер өздерінің төтенше жағдайларға қандай дәрежеде дайын екендіктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Бұндағы ең басты мәселе көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-қимыл мен арнайы техникалардың әзірлігі және мамандардың біліктілігін жетілдіру болды.

Сөйтіп, «Дабыл-1001» сигналынан кейін, автоматты құлақтандыру жүйесі арқылы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою комиссиясы, аудандық эвакуациялық комиссиясы, азаматтық қорғау қызметтері құлақтандырылып оқу-жаттығудың басқару штабында жиналды.

Сонымен қатар дабыл арқылы аудандық шұғыл әрекет ету жасағы көтеріліп Д.Қонаев атындағы алаңға сапқа тұрғызылды. Шұғыл әрекет ету жасағымен «Көктем-2019» оқу-жаттығу барысында «Тентек» өзенінің1 шақырым арнасын мұздан тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қалада және ауылдық округтер аумағында 18 шақырым арық жүйелері тазаланып, 3000 куб.метр қар шығарылды.

«Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуыбарысында аудандық азаматтық қорғау қызметтері мен жедел құтқару жасағынан барлығы 37 дана әр түрлі техникалар мен 92 адам жұмылдырлды.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: