Тұғыры мықты болсын

Тәуелсіздік негіздерінің бірі – ұлттық валюта болып табылады. Егер басқа елдерде ол ғасырлар бойы қалыптасқан болса,біздің теңгеміздің тарихы осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 12 қарашадағы “Айналымға Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы” Жарлығынан бастау алды. Осылайша, 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге болып белгіленді. Сондай-ақ осы күні экономикадағы қаржы секторы қызметкерлерінің, қаржыгерлердің төл мерекесі деп аталды.

Теңге – тәуелсіздігіміздің төл пер­зен­ті. Уақыт талабына сай, оның дизай­ны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетіл­діріліп отырды. Ел тарихындағы тағдырлы сәтте дүниеге келген ұлттық валюта­мыз ширек ғасырданастам уақыт ішінде Қазақстанның дербес қаржылық, эконо­микалық жүйесін қалыптастыруға негіз қалады. Ұлттық валютаны шы­ға­ру­да­ғы атқарылуға тиіс асқаралы миссия да осы еді.

1993 жылы алғашқы теңге партиясы Ұлыбританияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылады.

Бұл жайында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер-жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүниежүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп еске алады.

Ұлттық валюта теңге айналымға енген 25 жыл ішінде ауданның қаржы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан аға буын әріптестеріміз С.Тынысбеков, Н.Тұяқова, Ғ.Самалбаева, Қ.Найманбаевалардың есімдері мен ізгі істерін өзімізге үлгі етеміз. Сондай-ақ қазіргі кезде қызметте жүрген білікті мамандар С.Тоқмұрзаева, М.Тұрарбекова, Ж.Советкалиевтардың еңбегін зор мақтанышпен атап өтпекпін. Аудандық қаржы бөлімі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосу үшін барынша еңбектенуде.

Бұл істі қолдан келгенше тыңғылықты түрде жүзеге асыруға, алдағы уақытта да бюджетке бөлінген қаржының толық өз уақытында игерілуіне бар күш-қайратымызды, біліктілігіміз бен тәжірибемізді жұмсай беретін боламыз.

Қазақстан экономикасының қаржы әлеуентін дамытуға, күшейтуге, кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспін.

Төл мерекеменбарлық әріптестерімді құттықтап, дендеріне саулық, жұмыстарына жеміс, қызметтеріне табыс және жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектес екендігімді білдіремін.

Ж. КӨКЕНОВА,

аудандық қаржы бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: