
«Киелі мекен» апталығында тәрбиелік мәні зор іс-шараға аудан жастары үлкен серпін берді. Барлығы бір үйдің баласындай ауданымызды көгалдандыру мақсатында санитарлық тазалық жұмыстарын атқарды.
Алакөл ауданының жастары Үшарал қаласында орналасқан «Талапкер» демалыс саябағының аумағын тазалап, экологиялық сенбілік жұмыстарын өз деңгейінде атқарды.
Акция еліміздің барлық өңірлерінде өтуде. Алдағы уақытта, “Жасыл аймақ”, “Өнегелі ұрпақ”, “Мөлдір бұлақ” акцияларымен жалғасын таппақ.
#Тазақазақстан #киелімекен