Талдықорғанда «Хан Тәңірінен оралу» деректіфильмінің тұсаукесері өтті

Биіктігі 7010 метрді құрайтын мұзды шыңды бағындыру жолындағы оқиға бейнеленген, Әнуар Нұрпейісовтің деректі фильмі көрермендерге жол тартты.

Аталмыш фильм, Алматы облысында ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Хан Тәңірі» экспедициясы кезінде түсірілген. Жоба мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, облыстың тау туризімін дамыту және «Жетісу» брендін  насихаттап, жастардың физикалық және техникалық даярлықтарын дамыту. 21 күнге созылған медиа-эспедияция суреттелетін фильм жөнінде актер Әнуар Нұрпейісов айтып өтті.

-Әлемдегі ең биік шыңдардың бірін бағындыру ол мен үшін тәуекелдің шайқалған кемесіне отырумен бірдей болды. Шыңды бағындырудан кейін мен ешқашан өзіме «шаршадым» демедім, себебі нағыз шаршаудың қандай болатынын мен мұзды тауға шыққанда ғана түсіндім. Осыдан кейін менің өмірім екіге бөлінді экпедициядан бұрын және кейін. Бұл фильмде сіздер Қазақстанның табиғатын басқа қырынан танып, Альпинизмның қандай ерекше сала екінін түсінесіздер, – деді фильм режиссеры.
Ұзақтығы 45 минутқа жалғасатын туындыда Ә.Нұрпейісовтен басқа, акриса Айсулу Азимбаева, спортшы әрі оператор Александр Кузнецов және «Жетісу географиялық қауымдастығының» жетекшісіАнуар Демегенов түскен. Шыңның ең биік нүктесін бағындыру қорытындысы бойынша актриса А.Азимбаева 6000 метр, А.Кузницов 5800 метр және Ә.Нұрпейісов 5500 метр биіктікке шыққан.

Сонымен қатар, жиынға қала тұрғындары мен студеттер қатысты. Түсауы кесілген фильм туралыЗаң колледжінің 2 курс білімгері Мусаева Александра өз пікірімен бөлісті.
«Бұрын соңды менмұндайфильмдерге қызығып көрмеп едім, бірақ бүгінгі түсаукесер ерекше көңілімнен шықты. «Хан Тәңірі» шыңына шығу бұлай тұрсын тіпті ондай шешімге келудің өзі үлкен ерлік», – деді ол.
Айта кету керек, дәл осындай мақсатта 2018 жылдың 6-12 қараша аралығындаоблыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ғалым, шығыстанушы, тарихшы Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен жерлері бойынша «Шоқ жұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экпедиция жоспарланып отыр.

 

Меруерт Махмұтжан

Мәліметпен бөлісу: