Тарих қойнауын ақтардық

Елбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының жалғасы ретінде және өткенімізге көз жүгіртіп, тарихымызды қайта жаңғырту мақсатында жазылған «Ұлы даланың жеті қыры»атта мақаласы біздің мем­­ле­кетіміздің одан әрі ны­ғаюына сеп­тігін тигізетін тың серпін деп ойлаймын. Себебі тари­хты біл­у – жарқын болашаққа

Ағылымды туындыда талқыға түскен отырған Ұлы даланың жеті қыры­ – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт бөлімінде жазылған атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі саналатын«аң стилі», әлем назарын өзіне аударған құнды жәдігеріміз«Алтын адам», халықаралық экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға үлкен септігін тигізген Ұлы Жібек жолы, Қазақ жерін өз Отанына айналдырған алма мен қызғалдақтар – еліміздің ұлттық құндылықтарыболып табылады.

Тарихи сананы жаңғырту мақсатында ұсынылған «Apxив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі» жобаларының  да мaңызы орасан зор.

Аталмыш мақалада қазақ өнерінің озық үлгілерін аң стилінде жасалған бұйымдар мен «Алтын адамның» жарақтарының, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту және де тарихи дәуірлердің әртүрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсету мақсатында «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу жобасы қолға алынуда.

Ұлы даланың фольклоры мен әуендеріне «жаңа тыныс» сыйлау мақсатында жүзеге асқалы отырған «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты жобасының орны ерекше. Себебі халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері: ертегілер, аңыз-әфсаналар, қиссалары мен эпостары жинақталып, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын «Ұлы даланың көне сарындары» жинағымен шығару келер ұрпақ пен қазіргі жас буынға үлкен үлгі-өнеге деп есептеймін.  

Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар. Өскелең ұрпақтың талғамына сай ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі сынды жобаны ерекше атап өтуге болады.

Қорытындылай келе айтқым келетіні, Ұлы даланың жеті қыры – Қазақ      тарихының жаңа парақтарының ашылуының және рухани жаңғыруымыздың көрінісі деп есептеймін.Адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан өр тұлғалардың ұрпағы және мәңгілік дамуға тың серпін бергенмәдениеттің мұрагері ретінде осы жобалардың іске асуына біз, жастар, баркүш-жігерімізді біріктіріп, атсалысуымыз қажет.

А.ТЫНЫСБЕКОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Мәліметпен бөлісу: