Ыбраев Айдос Ернарұлы



Ыбраев Айдос Ернарұлы 1996 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келдім. 2003 жылы 1 қыркүйекте Алакөл ауданы Үшарал қаласы Талапкер орта мектебіне 1 сыныпқа бардым. 2005 жылы 3-сынып оқып жүрген кезімде спортқа қызығушылығым ашылып, бокс үйірмесіне қатысып, 2007жылы алғашқы жарысым БОКС-тан Алакөл ауданы бойынша Ауған соғысына қатысқан Ардагерлерге арналған V-ші Республикалық ашық турнирде 48кг салмақ дәрежесінде 3 орынмен марапатталдым. 2009 жылы Үшарал ашық чемпионатында аудандық бокс жарысында 2 орынмен 54 кг салмақ дәрежесәнде марапатталдым. 2011жылы 9-сынып оқып жүрген кезімде Джиу-джитсу спрот түріне қатыса бастадым. Қосымша бокстан жарыстарға шығып жүрдім. 2012 жылы Алакөл бокс мектебінің негізін қалаушы және КСРО спорт шебері Омаров Тұрарбекке арналған ашық обылыстық турнир өткізілді. 63кг салмақ дәрежесімен II-орынмен марапатталдым. 2013 жылы бокстан КСРО спорт шеберлері Ұлан Ысқақов,Қайрат Базарбаев, Қуаныш Закирьяновты еске алуға арналған бокстан Алакөл ауданының ашық чемпионатында 64кг салмақ дәрежесінде 3 орынмен марапатталдым. 2013 жылы 21-23 маусымда Джиу-джитудан алғашқы жарысым еді Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикалық турнирда 67кг салмақ дәрежесінде 3 орынмен марапатталдым. 2013жылы 13 қаңтарда Джиу-джитсу күресінен 1997-1999, 2000-2002, 2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен Алакөл ауданының біріншілігінде әділ төрешілік көрсеткенім үшін марапатталдым. 2013 жылы 2-5 мамырда Талдықорған қаласында өткен «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атандым. 2013жылы 7 қазанда Жекпе-жектен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағын алдым. Алакөл ауданы Үшарал қаласы Талапкер орта мектебін 2014 жылы 25 мамырда бітірдім. 2014 жылы Еуразиялық технологиялық униерсиетіне мамандығы «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» бойынша түстім. 1 курс оқып жүрген кезімде униерсеттің ішіндегі спорттық құрамасына кірдім. Униерсеттер арасындағы спорттық іш-шараға Футбол, Волейболдан бірнеше жүлдегер иесі болдым. 2014 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Халықаралық турнирде елдер арасында 70келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдегері атандым. 2015 жылы 2 курс студент кезімде Қазақ Ұлттық Аграрлық Униерсетінің Әскери кафедрасына мамандығы «Взвод командирі автомобильдік қызметі» бойынша түсіп. 2016 жылы 12 тамызда «Әскери ант қабылдадым». 2017 жылы Әскери кафедрада оқу кезіндегі жетістіктерге, ерекше көзге түскен, ынта-жігері мен парастты бастамасы және үлгілі тәртібі үшін марапатталдым. 2017 жылы Әскери кафедрасын бітірдім. 2018 жылы сәуір айында Талдыкорған қаласында Қазақстан Республикасының қорғаныс министірлігі әскери қоян-қолтық ұрысынан ашық турнирінде 80келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атандым. 2018 жылы 15 шілдеде Еуразиялық технологиялық униерсиетінің дипломын алдым. 2018 жылы 1 қазан айында «Алакөл аудандық тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ «Алакөлжылу» мемлекттік коммуналдық кәсіпорнына жұмысқа тұрдым. 2018 жылы 16 желтоқсан айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған халық аралық турнир Комбат джиу-джитсу спорт түрінен 76 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атандым. 2019 жылы 28 ақпан-3наурыз айында Атырау қаласында ЖЕКПЕ-ЖЕК ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 75 келі салмақ дәрежесінде қола жүлегері атандым. 2019 жылы 15 сәуірде Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне Үміткер атағын алдым. 2019жылы 25-27 қаңтар айында Талдықорған қаласында Панкратионнан Алматы обылысының чемпионатында 77 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атандым. 2019 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі «Жастар жылы» аясында дуатлоннан «Алакөл-2019» II республикалық бұқаралық – спорттық турнирді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хат берілді. 2020жылы Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «АЛАКӨЛ LIFE» жобасына қолдау көрсеткен үшін алғыс хат берілді. 2020 жылы «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» Аясында ісін ілгертіп жатқан «БІР АРМАН» Қайырымдылық Акциясына ерекше атсалысып, белсенділік танытып жүргенім үшін алғыс хат алдым. 2020 жылы «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен обылыстық «Адал -қалам» байқауында ерекше белсене қатысқаным үшін алғыс хат берді.
Қазіргі таңда «Халықаралық спортшылар одағының» мүшесімін, сонымен қатар «Бір арман» қайырымдылық қоры төрағасының орынбасарымын. Өңірімізде алғашқылардың бірі болып 4-18 жас аралығындағы балалар үшін Тхэквондо үйірмесін ашып, алпысқа жуық баланы тәрбиелеп отырмын. Спорттық үйірме толықтай тегін форматта жүргізіледі.

Мәліметпен бөлісу: