Жетісу облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы 03 наурызда Жанама  ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

2024 жылғы 24 қаңтарда  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жанама ауылдық округте 2024 жылғы 03 наурызға сайлау тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары,аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Alakol» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары, 17 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.

2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 12 ақпандағы жағдай бойынша 6 кандидат ұсынылды – 1 кандидат «Amanat» партиясынан, 5 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, 2 кандидат өз өтінішімен және 1 кандидаттың құжаттары заңнама талаптарына сәйкес еместігіне байланысты кандидатуралары алынды, 3 – кандидат тіркелді .

Жанама ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 07 ақпанда сағат 18-00 аяқталды, тіркеу 12 ақпанда сағат 18-00  аяқталады.

Алакөл  аудандық сайлау комиссиясы

Мәліметпен бөлісу: