Жетісуда ардагер волейболшылар арасында халықаралық турнирөтпек

Талдықорғанда, осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі, 30 қараша мен 2 желтоқсан күндері аралығында басталмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Аталмыш спорттық додаға 10 команда, яғни Қазақстаннан бөлек, Польша, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тыва, Буриятия, Татарстан елдерінен келеді.Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, жарысқа қатысушылардың арасында әлем және олимпиада чемпиондары да бар.

– Былтырғы жылы турнирға 6 команда қатысса, биыл тізім саны айтарлықтай ұлғайып отыр. Қаламызға бірінші болып Моңғолия құрамасы келді. Қатысушылар арасында әлемдік ареналардың ардагерлері, үш спорт шеберлері бар. Турнирга осындай азаматтардың қатысуы, жарыс көркін одан ары қыздыра түседі деп ойлаймын», – дейді басқарма басшысы.

Жарыс облыстық әкімдіктің және жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен өтеді. Жүлде қоры – 2 200 000 теңгені құраған спорттық шара жөнінде,Алматы облысы волейбол федерациясының атқарушы директоры Рашид Парманов «Жетісу кубогы» дәстүрге айналытыны айтып өтті.

«Салауатты өмір салтын насихаттайтын және ардагерлердің күш қуатын бекітетін турнир дәртүрге айналмақ. Себебі, мұндай бастама тек біздің облысымызда ғана бар және құшағын кеңге жайып келеді. Оның бір дәделі ол, шетелден келуші қонақтардың санының артуы»,-дейді ол.

Жетісу кубогына облыстан – «Жетісу»волейбол командасы сайланып отыр. Команда құрамында облыс әкімі Амандық Баталов ойнайтын болады.

Айта кету керек, турнирге 3 үлкен кубокпен ақшалай сыйлықтар тағайындалған. І- орын 1 млн. теңге, ІІ-орын 700 мың теңге ал, ІІІ-орын 500 мың теңге болмақ.

Мәліметпен бөлісу: