Жолдау – жаңа бағытқа бастайды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев 1 қыркүйек күні өзінің Қазақстан Халқына кезекті Жолдауын жоллады. Президенттің айтқан әрбір ойын бастан аяқ тыңдадым. Президент қасиетті Отанымызды өркендету жолындағы бірнеше бағыттағы ұстанымдары мен ойларын ортаға салды. Жаңа экономикалық саясат, салықтық бақылау мен реформа туралы болатын өзгерістерге тоқтала келіп, халықтың жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдағанын айтты. Сонымен қатар, Конституциялық реформаның жаңа әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болғандығын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жүрегінде, ойында жүрген маңызды мәселелерге жан-жақты талдау жасап, үкіметке халық игілігі үшін жасайтын жұмыстарға нұсқау берді.

Мені ана, ұстаз ретінде өте қуантқаны – жастарға арналған қамқорлық танытуы, оларды жұмыспен қамтуды атап көрсеткені болды. Сондай-ақ, жер мсәлелесінің де шешімін табатыны, ел экономикасын тұрақты дамытуға арналған ұсынысы жүрегіме жылу ұялатты.

Біздің еліміздің басты құндылығы да адам екенін, сондықтан ұлттық байлықты халқымызға тең бөлуді тапсырды, Президент өз халқының бойына үлкен сенім берді. Халықты толғандырып жүрген баға мәселесі назарынан тыс қалған жоқ. Әсіресе, жаңа Қазақстанның болашағы – жас ұрпаққа деген қамқорлық, «Жайлы мектеп» жобасының қолға алынғандығына халқымның атынан ризашылығымды білдіремін.

Президент зейнеткерлердің де зейнетақысы жайлы қуанышты хабар айтты. Ол ел бірлігінің елдігімізге аса қажет екенін айта келіп, мемлекетімізде еңбекқор, кәсіби ең сыйлы адам болуы керек екендігіне ұлттық мүдде тұрғысынан тоқталғандығы жүрекке жылу, арманға қанат бітірері сөзсіз.

Жолдаудан түйгенім: Президентті қолдай отырып, болашаққа сеніммен қарап, мақсатымызға нық басуымыз керек.

Барша Қазақстандықтарды Жолдауға қолдау көрсетуге шақырамын.

Президентімізге еңбегіне жеміс, елімізге амандық тілеймін!

Алакөл ауданының Құрметті азаматы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Дюсебаева    

Мәліметпен бөлісу: