Жоспарларлегі ауқымды

«Nur Otan» партиясы тарапынан бекітілген «Өзгерістер жолы: Әр азамат үшін лайықты өмір» атты бағдарламасы негізінде өңіріміздің алдағы бес жылдықтағы дамуының жол картасы әзірленген болатын. Күні кеше партия фракциясының отырысында осы мәселелер
талқыға түсіп, депутаттар тарапынан мақұлданды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция төрағасы Қ.Көкебаев жиын барысында күн тәртібінде қаралатын мәселелер жайында сөз қозғап, депутаттар
таразысына тастады. Бұл ретте 2021- 2025 жылдарға арналған жол картасы мен әр депутаттың жеке жұмыс жоспары бекітілді. Алдағы жоспарларды нақтылау мақсатында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Көкенова әр сала бойынша көзделген бастамаларға тоқталып, 89 жоба жүзеге
асырылатынын айтып өтті.
Ендігі біздің мақсат – бөлінер қаражаттың тиісті бағытта жұмсалып, әр жобаның халық игілігіне толықтай жарауы
үшін қам қылу. Бұл жолда бар күш-жігерімізді сарп етіп, әділдік туын көтере отырып еңбек етпекпіз. Қорытынды сөз алған аудан әкімі
Ә.Жақанбаев партияның бастамашыл қадамдары арқылы тұрғындарға тиісті жағдайлар жасалып, жоспарлар толықтай жүзеге асып жатса нұр үстіне нұр болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ
мәслихат депутаттарына барынша бұқарамен етене жақын араласып, билік пен қоғам арасында алтын көпір болу бізге жүктелгенін ескертті.


А. ЕСЕНБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың депутаты.

Мәліметпен бөлісу: