Өзіне ғашық еткен арман қала

Тәуелсіз Қазақстанның тарихына көз жүгірте отырып, дамудың даңғыл жолына түсу үшін елімізде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын байқауға болады. Соның бірі – жаңа астана тұрғызу. Осы бір маңызды сәтте Елбасы халқына сенді. Бұған Нұрсұлтан Әбішұлының: “Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігугедайынмын. Бұл жолда ең алдымен халқыма, дархан еліме, ата-бабаның аруағына сүйенемін”, – деген сөздері айғақ. Сөйтіп, “Жұмыла көтерген жүкжеңіл” демекші, азаттықтың мәңгі жемісі – еліміздің бас қаласы, жас қаласы – Астана бой көтерді. Биыл Егемендігіміздің айшықты белгісіне айналған елордамызға 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде елордадасаяси маңызы бар талай басқосулар, іскерлік кездесулер, болашағымызға бағыт берген жиындар өтті. Соның ішіндегі ең ауқымдысы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі болып отыр.

Осыдан 4-5 жыл бұрын ұстаздарымнан, теледидардан аталмыш көрменің елімізде өтетіндігі туралы естіп: «Ол қалай өтеді екен? Оның ерекшелігі неде? Қандай көрме болмақ?» деген сұрақтар мазалайтын, бүкіл елдің аузында жүрген шараны өз көзіммен көріп, жақынырақ танысқым келді.Міне, арманым шынға айналып, аудан көлемінде таңдалынып алынған 20 оқушымен бірге еліміздің тірегі, жеріміздің жүрегіне айналған бас қалаға барып қайттым.
Көркіне көз тұнған әсем шаһарда дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесі 10 маусымнан бастап есігін айқара ашқан болатын. Дүйім жұрттың назарын аудартқан шараға үлкен қызығушылығым артып, оны көргенше асық болдым.

Еліміздің аталмыш көрмеге барынша дайындалғандығы бірден көрініп-ақ тұрды. Барлығымыз шағын бір ғажайып қалашыққа енгендей күйде болып, жан-жағымызға таңданыспен қарадық. Оның әсемдігінен ішкі дүнием нәр алып, рухым көтеріліп, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді.
Бір күнге созылған экскурсияда өзге мемлекеттердің керемет туындыларымен, салт-дәстүрлерімен, тарихи құндылықтарымен, озық технологияларымен таныстық. Астанадағы таным жорығымыз аяқталған соң ару қалаға деген қимастық сезімі бойымды кернеді.
Қазақстан жас мемлекет болғанына қарамастан даму сатысында кідірмей, тоқтаусыз алдыға жылжуда. Осының бәріеліміздің өркендеуі жолында аянбай тер төгіп, табанды еңбек етіп келген елбасымыз Н.Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында деп білемін.
Елордамыз алдағы уақытта да осы бетінен таймай, көркейіп, гүлденіп, жайнай берсін.

Мадина Мұратханқызы,
Үшарал №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: