Оның мақсаты – төтенше жағдайларда күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы үйлестіруді арттыру.
Оқу-жаттығудың барысында қабылданған бірлескен бұйрықтарға сәйкес күштік органдардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған.
Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі мен реттілігі, басқару мен өзара іс-әрекеттердің ұйымдастырылу деңгейі де сыналады.
Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі. Биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі – бірнеше күнге созылады және еліміздің барлық өңірін қамтиды. Оған автотехника мен көліктік авиация қатысады.
Күштік құрылымдар әрекетінің тиімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы бағалайтын болады.