Ескелді ауданының тұрғыны Алдабергенов орта мектебінде орналасқан №121сайлау учаскесіне 92 жастағы қария Турдиев Жуман дауыс берді. Қария ел үшін маңызды саяси науқандарда үнемі өз таңдауын үзбей жасап келген. Ақсақал халықты сайлау науқанымен құттықтап, батасын берді. Комиссия мүшелері мұнда сайлауға келуші тұрғындардың көп екенін атап өтті. Әсіресе, сайлаудың алғашқы сағаттарында қариялар да, жастар да саяси науқанға белсенді түрде ат салысуда.