Руханияттың іргетасы

«Анатіл – бәріміздіңанамыз, 
өйткеніол – ұлтымыздыңанасы». 

Н.Назарбаев

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы, ұлттыңтірегі. Тіл әрбір ұлттың рухани байлығы, өткені мен болашағы.Ол құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.

Қазақ жазуыныңтарихына үңілсек 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кириллицаны қолданса, 2025 жылдан бастап қайтадан латын графикасына көшу жоспарлануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. 

Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. 

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.

Белгілі жазушы М.Әуезов: «Тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше болмақ: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді арзандатып алмайық»,-деген екен.

Тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту үшін көптеген игі істер орындалу үстінде. Соның бір айғағы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

Осы бағдарлама аясында аудан көлемінде бірқатар шаралар атқарылуда.

Бүгінгі күні аудан бойынша 56 елді мекенде 482 көше тіркелген, олардың нормативтік құжаттары рәсімделді. Сондай-ақ Достық, Сапақ, Еңбекші, Лепсі, Үшарал қаласы, Ырғайты ауылдық округтеріне 20 көше және Жыланды ауылдық округі, Әшім ауылының атауын бұрынғы тарихи атауы Төңкеріс ауылы деп қайта атау беруге облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс берілді. Алайда қазіргі уақытта белгілі бір обьектілерге атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды қарауға шектеу қойылып отыр.

2019 жылдың маусым-тамыз аралығында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өткізілді. Оның аясында зерделеу жұмыстары жоспарға сәйкес 24 ауылдық ауылдық округте жүргізілді. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша ескерту жасалынып, қателіктер жойылды. Жалпы жүргізілген рейдтердің саны – 30, тексерілген нысандардың саны – 95, әлеуметтік желіде шыққан материалдардың саны – 30, БАҚ-та жарияланған мақалалардың саны- 6.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруаясында және жастардың тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында ауданда түрлі байқаулар ұйымдастырылады.

Атап айтсақ: «Ана тілі аруы», «Мақал сөздің мәйегі», «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ә.Тәжібаевтың»  оқулары, «Тіл-парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлері, қазақ елін әлемге танытқан біртуар тұлға Әнуар Әлімжановтың шығармашылығына арналған «Әлем таныған Әнуар» атты аудандық, байқаулары өткізілді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының бір бөлігі – қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен  көшіру мәселесі.

Осыған орай, аудан көлемінде «Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің емлесіндегі жаңалықтары» «Латын әліпбиі келешек ұрпақ ұлағаты», «Латын әрпіне көшу  қазақ тілінің жаңа тынысы» аттытұрақты семинар, дөңгелек үстел, кітап көрмесі, сауалнама т.б шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, жалпыхалықтың латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеруі және тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру талабы» атты латын графикасында диктант алынды. Оның қорытындысы бойынша жастардың латын қарпіне жазуда ешбір қиындық туғызбайтындығы аңғарылды.

Сонымен қатар«Латын қарпі ­- тіл тазалығының айнасы» тақырыбында Үшарал қаласында орналасқан латын қарпінде жазылған 10 жеке меншік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша жеке кәсіпкерлерге арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үлестірме материалдары таратылды.

Аудан бойынша 5000 адамды қамтыған ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік–әлеуметтік тапсырысы аясында 24 ауылдық округінде латын қарпіне көшудегі өзгерістер мен жаңалықтары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалауын желбіретті.

Аталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен қатар қазіргі уақытта латын әліпбиін үйретуге байланысты 2019 жылдың тамыз-қыркүйек аралығында40 тыңдаушыға 24 сағаттық оқыту курсы жүргізілуде. Осы ретте әлеуметтік желі арқылы- 24, «Алакөл» газеті арқылы  – 10 мақала, аудан әкімінің вебсайты арқылы– 4, республикалық http://tilalemi.kz/ әдеби порталына – 6 мақала жарияланды.

Алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл»,-деген еді. Бүгінгі күнде Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы жолында тіліміздің мерейі асқақ, мәртебесі биік болсын.

Барша Отандастарымды келе жатқан Қазақстан халқы тілдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ана тіліміздің айбыны асқақ, абыройы биік бола берсін.

Г.ЖЕКСЕМБАЕВА,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: