Рухани даму. Дін

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті. Осыған орай аудандық ішкі саясат бөлімі аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер жөніндегі кеңестің жұмысшы органы ретінде діни ахуалға зерделеу, талдау мақсатында біршама жұмыстар атқарды.

Аудандағы 24 округтегі 56 елді мекенде 72 мыңнан астам халық тұрады. Олардың 81 пайызы қазақтар, 13,6 пайызы орыстар, қалғаны өзге ұлт өкілдері. Өңіріміздегі 32 діни бірлестіктің филиалдары мемлекеттік тіркеуден өткен. ҚМДБ-ның құрамындағы 26 мұсылмандық мешіттің25-де имамдар жұмыс атқарады. Олардың 5 жоғары, 3 арнаулы орта білімді, 18 арнайы курс бітірген. 4-і орыс православ шіркеуі, 2-і протестанттық бағытта. Мысалы, 2015 жылы — 24 мешіт болса, 2016 жылдың соңына дейін -25, 2017 жылы – 26-ға жететіні байқалады. Ынталы, Жанама, Ақтүбек, Қызылащы, Қызылқайың, Лепсі,Ақши ауылдарында жаңа мешіт ғимараттары бой көтерсе,Сапақ, Ақжар ауылдық округтерінде и мандылық үйі жоқ.

Өңірдегі діни ахуалға жасалған талдау мониторингісіне қарасақ, кейінгі жылдары Ислам бағытындағы діни бірлестіктерге келушілердің саны артқан. Мысалы, 26 мешітке үнемі келетін 1100 астам жамағаттың 400-і 14-29 жас аралығындағы жастап екендігі анықталды. Провослав бағытындағы діни бірлестіктердің келушілері 190 -110-ға азайған.Тұрғындардың діни ахуалы жалпы тұрақты қалыпта, қызметі лайықсыз миссионерлер тіркелген жоқ.

ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дін мәселелері жөнінде аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарып келеді. Оның құрамында 6 — мемлекеттік қызметкер, 2 — құқық қорғау органдарының қызметкерлер, 11 — діни бірлестік жетекшісі, 32 — педагог, дін танушы,, 11 — қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілі бар. Сонымен қатар АТТ — на аудандық ардагерлер кеңесі, «Алакөл Экосистема», «Алакөл Қамқор», «Нұрлы жастар», «Алакөл жастар Дарабозы», «Достық қырандары» қоғамдық бірлестіктері де тартылған. Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жоспар бойынша 24 ауылдық округте 70 жуық кездесу өткізіп, 15000 адам қамтылды. Атап айтсақ, «Дін және дәстүр», «Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы», «Дін бүлікті емес, бірлікті іздейді», «Дін және жастар», «Ұлт болашағы иманды ұрпақ», «Жат ағым, жат қылықтан сақтанайық», «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» тақырыбындағы кездесулер.Сондай-ақ, «Таблиғи жамағат» және «Салафизм» ағымының өкілдерімен аудандық ішкі саяса бөлімімен, құқық қорғау қызметкерлерімен, діни бірлестік жетекшілерімен бірлескен түсіндіру жұмыстары мен қоғамдық рейд аудан әкімдігі тарапынан үнемі жүргізілуде.Осыған орай Алматы облыстық Дін мәселелерін зертеу орталығының оңалту бөлімінің мамандары Үшарал қаласында, Ырғайты, Қайнар, Достық ауылдық округтерінде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен бірге облыстық дін істер басқармасымен бірлесе аудандық ішкі саясат бөлімі,жастар ресурстық орталығы ақпараттық насихат тобы халық көп шоғырланған орталық және «Алакөл» базарында«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты және«OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн»тақырыбында көрмелер өткізіп,ҚР Дін істер және Азаматтық қоғам министрлігінің сараптамасынан оң қорытындысын алған әдебиеттер насихатталып, сенім телефоны жазылған бүктемелер таратылды. Сонымен қатар облыстық АТТ құрамында болған теолог мамандар «Таблиғи жамағат» ДЭҰ, «Сәләфизм» ағымының мүшелерімен арнайы оңалту жұмыстарын жүргізді. Халыққа қызмет көрсету орталығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Сонымен бірге халық арасында терроризмге қарсы ойларын қалыптастыруда аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігінің орны ерекше. Атап айтсақ, 2017 жылдың басынанжергілікті «Алакөл» газетінде20 мақала жарық көрді. 500 флаер шығарылып, аудандық мекемелердің кіре беріс есіктері мен залдарында ілінді. «Сирия болашақсыз құрбандық», «Экстремизм үндеуі бізге жат», «Куда приводять незбывшиеся мечты», «Лжетерроризм», «Уровни террористической опастности» атты бейне роликтер мен түсірілімдер орталық алаңдағы LED — экран арқылы аудан тұрғындарына насихатталды.

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек», – деп атап өтті. Расында, кейбір азаматтардың діни теріс мағлұматтарды шетелдік сайттардан алып, солардың ғалымдарының пәтуасымен жүруді аңсайтыны жасырын емес. Сондықтан аудандық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесте аудандық жастар ресурстық орталығына діни экстремистік және террористік көзқарас, сондай – ақ интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілер арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды қорғау шаралары бойынша әлеуметтік желілерде зерделеу жұмыстары тапсырылды. Жастар орталығы атынан ашылған парақшаларға 14250 азамат тіркелсе, оның 9060 Вконтакте, 3180 Фейсбук және 2010 адам инстаграмм әлеуметтік желісінде тіркелген. Сонымен қатар, әр ауылдық округтерге вконтакте, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде парақшалар жұмыс атқарады. Дін бойынша 5 мақала жарияланды, 19 бейнероликтер көрсетілді және 25 демотиватор салынып, жастардың назарына ұсынылды. Жарияланған ақпараттармен 5000-ге жуық азамат танысқан.

Күдік тудыратын 28 парақшаға Байланыс ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің талабы бойынша тосқауыл қойылды.Алайда, Жиһадты желеулетіп, қару ұстап, шетел асып жатқан кейбір жастардың шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерден діни білім алатыны белгілі болып отыр.

Елбасының халқымызға, әсіресе жастарымызға ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы сөзі дер кезінде көтерілген мәселе деп айтар едік. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін баса ескертті. Бұл – аса маңызды іс. Өйткені, ұлтжанды азамат өз халқы мен Отанына, дініне қиянат жасамайды. Елбасының Жолдауында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау және бұл іске діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігіне ерекше тоқталды.

Негізгі миссия – жастардың көкірек көзін ашып қана қоймай, олардың рухани дүниетанымын байытып, мемлекетшіл, толерантты, ұлтжанды ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру. Мектеп мұғалімі балаға сабақ берумен қатар оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен қызының тәрбиесін жіті қадағаласа, дін қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа ұйытса, қарияларымыз бен зиялы ағаларымыз тәлімін айтса – жас көргені мен естігеніне қарай амал ететін болады. Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ.

М.Сүлейменов,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: