Алматы облысының кәсіпкері жасанды көлде балық, қаз өсіруде


Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау ерекше. Сондықтан да болар, әр жерде жеке шаруалар қаз, үйрек, балық өсіріп табыс табуға ден қоюда.
Қаратал ауданының тұрғыны Аксенов Анатолий да осы кәсіпті бастау үшін 10 гектар жерге жасанды көл жасап, 10 жылдан бері балық өсірсе, соңғы 2 жылда қаз, үйрек өсіруді қолға алған.
Бұл фермада бүгінгі күні беламур, сазан, мөңке балықтары, қаздың россиядан әкелінген етті бағыттағы үлкен Сера және ақ Линда қаз түрі бар. Балықтардың орта салмағы 18 кг. қаздың орта салмағы 4 келіге дейін жетеді.


Кәсіпкер Анатолийдың айтуынша, қаз балапандарын өсіріп, суға жіберген сәттен балықдың өсуі 2 есеге ұлғайған, себебі қаздың еті, жүні, аяқтары мен бауыры нарықта үлкен сұранысқа ие болса, оның соңғырығыда таптырмас тыңғайтқыш.
«Балық шарушылығымен айналысып жүргеніме 10 жылдан асты. Бұл кәсіп табысты болғанымен оны 4 жыл бойы ауламай баптау қажет. Ал қаз, үйрек балапандары 3 ай ішінде өсіп, ет алады. Еті диеталық жеңіл болып келеді. Қазірдің өзінде сұраныс өте көп. Бірақ Алматы облысын ғана қанағаттардыра аламыз. Келесі жылы шаруашылықты кеңейтіп өнімді бүкіл Қазақстанға және шет елгеде экспортауды жоспарлап отырмыз », — дейді ол.
Фермада бүгінде қаздың 2000 жуық саны бар. Алдағы уақытта қаз санын 20 мыңға дейін жеткізуді көздеп отыр. Ол үшін алдымен қаз жемін егетін жер учаскесін әкімдіктен сұратып отыр.
«егер әкімдік жем егетін жер берсе, Ресейден тағы да қаздың етті губернаторлық тұқымын алдырамын. Қазір ферманың қаз еті өнімділік қуаты 5,3 тонна болса, келесі жылы 75 тоннаға жеткіземін», — дейді кәсіпкер.
Ал, балық шаруашылығы өз алдына 4 жылды 120 тонна өнім береді. Келер жылы қаз саны артса балық саныда едәуір артатындығы сөзсіз.

Мәліметпен бөлісу: