Жырлайды сарбаз


ӨЛЕҢІНДЕ АНАСЫ, ТУҒАН ЖЕРІ…

         Хакім Абайдың тілімен айтар болсақ, жас ақын қай-қайсысын алсаңыз да өресі кең, шоқтығы биік ақынға айналғанға дейін ізденісте жүреді. Өз өзін қамшылайұзақ жылдар бойы әдебиеттен өз орнын іздейді. Үлкен еңбектің соңында уақытын өткізеді.

         ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Нариман Ералиев Қызылорда облысы, Арал ауданының тумасы. Жастайынан жаны кітап оқығанды ұнатытын ұлан үшін әдебиетте Мағжан Жұмабаевтың орны бір бөлек. Ақынның шығармашылығын құмарта оқып, бір қатарын жаттап та алыпты.  

         Нариман Құрманайұлы 9-сынып оқып жүрген кезінен бастап, көңілінде өрілген жыр жумақтарын ақ қағазға түсіре бастайды. Алғашқы өлеңдері өзге ақындар сияқты анасына арналды. Содан кейін құрбы-құрдас, достары туралы жазды. Туған жерін жүрегі жарыла жарлады. Әр жырының жолдарын жазған сайын шабыттанып, поэзия әлемінде қанатын қақты. Ой талғап, шумақ жазды. Ізденді, шыңдалды.

         Әскердегі алғашқы күндері «Әскерге келдім» деген жаңа туындысын жазса, туған ауылы мен өңіріндегі жағдайды ойлап «Арал қасіреті» деп өлеңдетті. Бойына біткен ақындық қасиетін нағашы Асқар атасынан дарыған деп есптейтін Нариманға қаламың қарымды болсын деген тілек айтамыз!

Әскери журналист Манарбек Қарекенов

Нариман Ералиевтің шығармашылығынан

                           Арал  Қасіреті

Тулап  тұрған ол бір  алып аспан,

Көк теңіз, мұхиттармен жағаласқан.

Жетпейді аралымның кемеріне,

Теңіздер көк толқынымен араласқан.

Аңсаттырған, тамсандырған талайды,

Сүйсіндірген көрген жанды, маңайды.

Жағасынан ұзап кеткен айдынның,

Кемеліне толған күнін қалайды.

Қасіреті тебіренткен әлемді,

Жер бетінің назарына еленді.

Күн туар ма, қасіретіңнен құтылар,

Мөлдір суы тербететін іргеңді…

Аққуларың оралар күн болар ма,

Қаз-үйректер қонар күнің болар ма?

Жыр жазғанмен жүрегіммен езіліп,

Су тасқындап, арнаң қайта толар ма?..

              Әскерге келдім

Ер жігітке жарасар асу, жалын,

Ойлайтын кезің келді Отан қамын.

Өтеу үшін перзенттік парызыңды,

Әскерге баратын бұл нағыз шағың!

Әрбір күні жаттығу, қызметте мән,

Әскердегі азамат, болат қыран.

Төтеп берер қиындыққа мойымай,

Күш-қайрат пен бойыңда болсын шыдам!

Шыңдалып жақсы емес пе, шыныққаның?,

Осылай атсын бейбіт, тыныш таңың.

Әскер деген міндет қой әрбір ұлға,

Ең үлкен сын екенін ұмытпағың!

Елі үшін ой толғап, жыр  құраған,

Шекарашы болғаныма шын қуанам.

Бауыржандай атамның атқанындай,

«Тәртіпке бағын жан, құл болмаған!».

Мәліметпен бөлісу: