Жақыпбек Азат Мәкетайұлы, 1959 жылы 24 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданының Ұялы ауылында туған.
Білімі жоғары, 1981 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1981-1983 жылдары аралығында Алакөл аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газетінде хат бөлімінің меңгерушісі, 1983-1984 жылдары осы газет редакторының орынбасары.
1986 жылы аудандық «Жаңа өмір»- «Новая жизнь» газетінің редакторы болып тағайындалды.
1995-1996 жылдары Үшарал қалалық телестудиясының директоры.
1996 жылдан аудандық «Алакөл» газетінің редакторы, 1997 жылдан бас редакторы.
2013 жылдан бүгінгі күнге дейін директор-бас редактор қызметін атқаруда.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Алакөл ауданының Құрметті азаматы.