Ақтүбек халқымен жолықты


Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін АЭС салуды қолға алу керектігін маңызды мәселелер қатарына қойды. Осы ретте 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтіп, бұқараның пкірі мен таңдауы таразыланатын болады.
АЭС құрылысының артықшылығы мен маңызы жайлы халыққа түсіндірме-насихат жұмыстарын жүргізу үшін арнайы штаб мүшелері Ақтүбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Шара барысында алғы сөз алған штаб басшысы, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қайрат Көкебаев: «Бізге жасыл энергия көздерін табу аса өзекті. Күн сайын ауаға мыңдаған тонна жаққан көміріміздің зиянды қалдықтары тарап, қоршаған ортаға есепсіз залал келтіріп отырмыз. Осының салдары алдағы он жылдықта алдымыздан келері сөзсіз. Ондайды болдырмау мақсатында таза жнергия өндіретін АЭС құрылысын жүргізу маңыздылығы артып келеді»,- деп, жаңа бастаманың ел үшін берер артықшылықтарын тілге тиек етті.


«Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы, штаб мүшесі Алмат Есенбеков: «Біздің күнделіктік тұрмысымыз қуат көздеріне тікелей тәуелді. Ал жаңартылмайтын электр өндіру процестері экологияға, өзімізге тиімсіз болып отыр. Одан бөлек жетпеген энергияны көрші елдерден тасып әлекпіз. Бізге ел нарығын қамтамасыз етудің пәрменді тәсілін қарастыруымыз керек. Ол әрине – АЭС құрылысын жүргізу»-, дей келе, 6 қазанда өтетін референдумде әр қазақстандықтың дауысының маңызды екендігін айтып өтті.
Жиналғандар тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Ақтүбектік арда жұрт бұл бастаманы қолдайтындарын жеткізді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: