Ел Президенті Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ұлы тұлғаның 175 жылдығына орай жарилап, тарих қойнауын бір ақтарды.
Көлемді туындының әр тармағында ел тарихында елеулі орын алатын Абай Құнанбайұлының ұлтымыз үшін етен еңбегі, өшпес мұрасы баяндалды. Және де қаршадай ғана қыз бастаған «Абай – 175» челленджінің басталуы мен алғасуы талқыға түсті.
Артынша мемлекет басшысы Абай өмірін бағыт ете отырып, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның қалыптасу, әсіресе әдебиет, мәдениет, өнер, білім салаларын тізбектеп шықты.
Бір айта кетерлігі Қ.Тоқаев Абайдың мерейтойын атап өтуді тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамудың бір көрінісі деп түсіндірді. Расымен де ғимыры ғибратқа толы тұлғаның өнегесі өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Ал атаулы датаны пайдалана отырып, Қазақстанның болашақ иегерлерін тиімді бағытқа бұрып, сол арқылы қуатты мемлекеттің қаырғасын қалау ұтымды дүние болмақ.
А.ЕСЕНБЕКОВ.