Алакөл ауданының құрылыс саласы

Елбасы Жолдауының V-бағыты тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру. Осы бағытта Алакөл ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, құрылыс саласы бойынша 7561 шаршы метр тұрғын үй кіріске алынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 9215 миллион теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 129%-ға өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алакөл ауданының әкімі Жақанбаев Әлібек баяндады.

Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 140,6 миллион теңгеге Үшарал қаласында көп қабатты 20 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Сонымен қатар, 6 елді мекендерде 128 миллион теңгеге учаскелік полиция пункті, жапсарлас тұрғын үйімен 2 елді мекенде 34,7 миллион теңгеге ветеринарлық пунктінің құрылысы салынды.

«Ауданда көп қабатты тұрғын үйлер салуға бөлінген 22 гектар жерге және жеке меншік тұрғын үйлер салуға бөлінген 150 гектарға инженерлік-коммуникациялық жүйесін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын даярлауға 20,6 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда дайындалуда», — дейді Әлібек Әскербекұлы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Үшарал қаласында 447 миллион теңгеге 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй және 274 миллион теңгеге 13 елді мекенде учаскелік полиция пункті жапсарлас тұрғын үйі салынып, пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар, Үшарал қаласына 20 пәтерлі жалдамалы 2 тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда және Достық ауылына 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйі мен спорт сауықтыру кешені, Қабанбай ауылында 10 тұрғын үйдің құрылысын салу қарастырылуда.

Мәліметпен бөлісу: