.
Алматы облысында ағымдағы жылдың 25 шілдесінде тікелей сайлау арқылы 71 ауылдық округте әкімдер сайланады.
Сайлау процесін байқау үшін «Бейпартиялық бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы ашылды.
2021 жылдың 21 шілдесінде «Бейпартиялық бақылау орталығының» Алматы облысы бойынша өкілдері Төлемісова Ж.Е. мен Дүкенбаев Е.М. Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылындағы 3 сайлау учаскесінде болды. Жұмыс барысында сайлау учаскелерімен танысып, сондай-ақ сайлау комиссияларының төрағаларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Жарлыөзек ауылдық округі бойынша сайлауға 1477 адам қатысады, оның ішінде №668 сайлау учаскесі бойынша — 666 сайлаушы, №669 учаскесінде — 475 сайлаушы, № 670 учаскесінде — 376 сайлаушы, барлығы 3 кандидат тіркелген.
Сапар барысында сайлау учаскелері сайлау процесіне толықтай дайын: тиісті ақпараттық стендтер, бақылаушыларға, УСК мүшелеріне арналған жұмыс орындары, дауыс беруге арналған кабиналар, пандустар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дауыс беру орындары бар.