Алматы облысы Дін істері басқармасы ескертеді

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңына сәйкес Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын бұзған кезде туындайтын жауапкершіліктер.

Әкімшілік құқық бұзушылық

Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату

орын алған кезде 453 баптың 1 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК (58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК(58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25 АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК(291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 100 АЕК(291700тенге), лауазымды адамдарға – 150 АЕК (437550 тенге) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК(583400 тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК(875100 тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК(4.375500 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 100АЕК(291700тенге), лауазымды адамдарға – 150АЕК(437550 тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК(583400тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК(875100 тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір 1500 АЕК (4.375 500 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 200 АЕК(583400тенге), лауазымды адамдарға – 300 АЕК(875100 тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 350 АЕК(1020950 тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400АЕК(1.166800 тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2000 АЕК (5.834 000 тенге), мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

орын алған кезде 490 баптың 1 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 50 АЕК(145850тенге), заңды тұлғаларға 200 АЕК(583400) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 50 АЕК(145850 тенеге), лауазымды адамдарға – 100 АЕК(291700 тенге), заңды тұлғаларға 200 АЕК(583400 тенге), мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3 бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына 100 АЕК (291700 тенге), мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, 100 АЕК (291700 тенге), мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4 бөліміне сәйкес қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 300 АЕК (875100 тенге) айыппұл салуға әкеп соғады.

5 бөліміне сәйкес қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 300 АЕК(875100 тенге) айыппұл салуға әкеп соғады.

6 бөліміне сәйкес лауазымды адамдарға – 100 АЕК (291700 тенге), заңды тұлғаларға 200 АЕК (583400 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7 бөліміне сәйкес Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК(145850 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8 бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға – 200 АЕК (583400 тенге), лауазымды адамдарға – 300 АЕК(875100 тенге), заңды тұлғаларға 500 АЕК(1.458500 тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар

Терроризм актісі

орын алған кезде 255 баптың 1 бөліміне сәйкес, мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4 бөліміне сәйкес   мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.

Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру

орын алған кезде 256 баптың 1 бөліміне сәйкес, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу

орын алған кезде 257 баптың 1 бөліміне сәйкес,       мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 бөліміне сәйкес мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік

орын алған кезде 258 баптың 1 бөліміне сәйкес, мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады    

2 бөліміне сәйкес       мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру

орын алған кезде 259 баптың 1 бөліміне сәйкес,       мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

2 бөліміне сәйкес  мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту    

орын алған кезде 260 бапқа сәйкес, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мәліметпен бөлісу: