Алматы облысында тұңғыш рет ауыл тарихы зерделенген 3D кітаптар жарық көреді


Алматы облысында үлкен жоба қолға алынды. Яғни, Жетісу ономастикалық жобасы, әрбір ауданда орналасқан, әр ауылдың тарихын зерттеуге бағытталған. Көшелерге ғана ат берумен шектелмей, облысымыздағы 17 аудан, 3 қаланың бүгінде 4 ауданның 70 жуық ауылдарының тарихы зерделеніп жатыр. Сол ауылдың тарихын білетін тұрғындар мен қарияларымен сұхбаттасып,сол мекенде орналасқан тау-тасынның тарихына дейін үңіліп, мағынасын зерделеп, қағазға түсіріп, оны мамандар кеңінен зерттеп, Тілдер басқармасының қолдауымен 3D форматында заманауи үлгідегі кітапты жарыққа шығарып, сол ауылдың кітапханасына сыйға тарту басты мақсатымыз,-деді «Jetisý Media» алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Б.Бақбергенұлы.
Қазіргі таңда ономастикалық нысандарға атау беру және оларды қайта атау жұмыстары ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы негізінде жалпыға ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында бекітілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары», «Дәстүрлі атаулар» тізімдеріне сәйкес жүргізіліп келеді.
Осы ретте облыс өңіріндеге 60 әкімшілік-аумақтық бірліктің (аудан, ауылдық округ, ауыл),3103 құрамдас бөліктің (көше, даңғыл, саябақ т.б.),120 білім мекемесі мен 2 мәдениет үйінің атауы тарихи тұлғалардың есімімен аталады. Яғни тізімде көрсетілген 345 тарихи тұлғаның 291-інің есімі ұлықталып отыр
Сондай-ақ, облыс аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен құрамдас бөліктердің 6665-і кісі есімімен (5 аудан, 39 ауылдық округ, 83 елді мекен, 6538 көше), 1817-сі жер-су атымен (14 аудан, 181 ауылдық округ, 355 елді мекен, 1267 көше), 1993-і дәстүрлі атаумен (1 аудан, 22 ауылдық округ, 82 елді мекен, 1888 көше) аталады.
Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тіл –тұғыр» атты Тіл фестивалі өтті.
Тіл фестивалі аясында 820 шара (4-еуі республикалық, 14-і облыстық, 802-сі аудандық, қалалық, ауылдық) өтті.
Фестивалға республикаға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары шақырылды: Жандарбек Мәлібекұлы, Оразгүл Асанғазы, Асылы Осман, Ғарифолла Әнес, Ербол Тілешов және Анар Фазылжан.
Жалпы жыл басынан бері облыста 2718 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп келеді. Нәтижесінде өңірімізде 2021 жылдың 9 айының мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5%-ті құрады.
Айта кетейік, қазіргі таңда ономастика комиссиясының қарауына 7 елді мекен мен 904 көшеге атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар түсіп отыр. Аталған ұсыныстар халық санағына байланысты жарияланған моратории мерзімі аяқталғаннан кейін қаралатын болады.

Мәліметпен бөлісу: