Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері, жергілікті тұрғындар, мемлекеттік органдар мен жергілікті мәслихат депутаттары шақырылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріндегі табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың өкілдері шақырылды.
Алтын-Емел ұлттық паркі ежелден құландар мекені ретінде танымал. Ең алғаш 1982 жылы Барсакелмес қорығынан әкелінген 23 құланның саны бүгінде шамамен 3600 бас.
Іс-шара барысында жаңа «Mitsubishi L200» автокөліктерінің 13 данасының кілттері ұлттық парк инспекторларына Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың қолына табысталды. Өз сөзінде ол бұл қадам «Алтын-Емел» қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсартуға және Қазақстанның жабайы табиғатын қорғауға маңызды үлес қосатынын атап өтті.
Шараның мақсаты – қызыл кітапқа енген жан-жануарларды сақтап, олардың санын көбейтуге қоғамның назарын аудару. Фестиваль табиғатты қорғаудың маңыздылығын айқындап, экологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар елдің табиғи байлығын сақтау және экожүйенің болашағына жауапкершілік қалыптастыру үшін күш біріктіреді.