Аралар Алматы облысында экологиялық таза қызанақ өсіруге көмектеседі


Қапшағай қаласының іргесіндегі «ЛСТ Агро» жылыжай кешенінде 4 гектар жерге қызанақ өсіріледі.
Сыйымдылығы 2000 тонна болатын жоба 3,5 млрд теңгеге жүзеге асырылды. Жылыжай кешенінің құрылысы жарты жыл бойы жүргізілді. Бүгінгі таңда 70 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Жылыжайда экологиялық таза қызанақ өсіруге барлық жағдай жасалған. Ол голланд технологиясы бойынша – аралардың көмегімен тозаңдандырылады. Сәйкесінше, аралар Голландиядан әкелінді. Әрбір шаршы үшін аралардың белгілі бір есебі бар және олар 2-3 аптадан кейін ауыстырылады. Соған сәйкес жарты ай сайын 10-14 ара ұясы жеткізіледі.
Жылыжай директоры Самат Мұхамедяровтың айтуынша, алғашқы өнім келесі жылдың басында алынады деп жоспарлануда.
«Алдын ала әр гектардан 80 тонна қызанақ жинауды жоспарлап отырмыз. Алынған өнімнің негізгі үлесі экспортталады, ал 20-30 пайызы жергілікті нарыққа жеткізіледі», — деді Самат Мұхамедяров.
Айта кетейік, «ЛСТ Агро» бірінші жылыжай кешені 2013 жылы ашылған. Ал бұл жылыжай серіктестіктің аталған шаруашылықтағы құрған 4-ші кешені.

Мәліметпен бөлісу: