Атаулы әлеуметтік көмек жайында

Атаулы әлеуметтік көмек –  жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Жанұяның әлеуметтік жағдайына байланысты, көмек екі түрге бөлінеді. Олар: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған отбасыларға ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Шартты ақшалай көмек –  жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті  түрде қатысу шартымен ай сайынғы  ақшалай төлем  түрінде аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек. Егер еңбекке қабілетті жанұя мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

АӘК  табысы аз  отбасыларға, соның ішінде  көпбалалы отбасыларға тағайындалады. 2020 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі  31 183 теңге мөлшерінде  белгіленді. АӘК  мөлшері, отбасының әр мүшесі үшін  орташа жан басына  шаққандағы  табысы  мен отбасының  әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің  21505 теңге  арасындағы айырмасы ретінде  төленеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы  балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілді. Кепілдендірілген әлеуметтік  пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен гигиеналық құралдар, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ қарастырылған. Азық-түлік жиынтығынай сайын, гигиеналық құралдар тоқсанына 1 рет ұсынылады.

Атаулы әлеуметтік көмек  алуға үміткер отбасы ақпарат алу үшін  тұрғылықты мекен жайы бойынша орталыққа,  ауыл  тұрғындары   ауылдық округ  әкіміне жүгінеді.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы.

Мәліметпен бөлісу: